Жүрек шешімі

Өзіңді ойлап атқан күн,өзіңді ойлап батсада,
Өзіңмен өткен тәтті күн, жаныма тас боп батсада.
Шынайы сүйген жүрегім,өзіңді қайта тапсада,
Көрмеуге сені тырысам, көргім кеп бара жатсада.

Ешкімді керек етпеспін,өмірдің гүлі солсада,
Өкініш қинап жанымды, көзіме жасым толсада.
Кешірдім сені сүйіктім,өкпем көп саған болсада,
Ұмытуға сені тырысам,ұмыту қиын болсада.

Сүйсемде сені мен саған, жүрермін:”cүймейім,”-дей сала,
Сүю дегеннің қадырын, білмесең енді не шара?
Хаюанның кұнін таңдасаң, айтарға енді сөзім жоқ,
Мен үшін енді сен жансың, сүюсіз қалған бейшара!

4 пікір

maulen
Гүлмира, әсерлі жазылған жыр екен! Арнаған ғашығын егер оқыған болса қандай күйде болды екен, а? айтаберге қош келдіңз!
gulmyra
Рахмет Маулен! ғашығым егер оқыған болса мысқылмен күлер еді, ода тебіренетіндей журекте жок…
jalyn
Ашумен жазылған өлең екен… Әжептеуір өкпелі сияқтысыз.
Ұмытуға сені тырысам,ұмыту қиын болсада.
Әдемі тіркес. Шынында, ұмыту қиын болса да, көп дүниені ұмытуға тырысып жатамыз)
gulmyra
рахмет Жалын, шынымен катты ренжип жазган едим…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.