Көрші жігіт

Тыңдағанда жүрегіміз қияқтанып,
Жүрміз-ау сырымызды жиі ақтарып.
Көрші жігіт, мейрімді, ашықжарқын,
Кеттің сен жақсы досым сияқтанып.

Ерге ұят -қыз баланы дүрмектеу,
Қызға парыз -ер жігітті құрметтеу.
Көрші жігіт, жақын тартып жүр екен,
Келді ойым өзіңізді суреттеу.

Сияқтандың ашық-жарқын ақ маңдай,
Айтқан сырың дария боп аққандай.
Жүзің ашық шашыратқан бар нұрын,
Жаңа атып келе жатқан ақ таңдай.

Қадалған көз бір жебесін атқандай,
Жүрегіңіз көлдей толқып жатқандай.
Көрші жігіт, жанарыңа жасырған,
Бір сырың бар айтшы соны жасқанбай.

Көрші жігіт, жүзің сенің ақ құба,
Ал күлкің ағып жатқан бақ тұма.
Қарсы алдымнан өткеніңде желпілдеп,
Деп қаламын кейде сені аққу ма?!

Таңдарың күліп атсын арайлай,
Көңілің сенің кең толқыған аралдай.
Салмақтылығын момын жатқан ақ қойдай,
Тентектігің ойнақтаған маралдай.

Ескен желдей сенің жүрген жүрісің,
Бәйтеректей мәуелеген тұрысың.
Табиғатты бойсындырған қорқыттың,
Қобызындай сенің күлген күлісің.

Ауызың Ай сияқты жымиған,
Көздерің Kүн сияқты жымиған.
Маған айтқан барлық тәтті сөздерің,
Жүрегіме кетпестей боп құйылған.

Бақытты бол не тілейін енді өзге,
Артық кетсем кешірерсің кей кезде.
Көрші жігіт, кейде ұқсайсын тәкапар,
Ешкімді де менсінбейтін кербезге.

21 пікір

gulmyra
Ен алгаш олен жазуды корши жигитти суреттеуден бастаган едим, алгаш шабытым оянган сат… пикир кутем…
senim
танымды нәрсе көріп тұрған жоқпын.
gulmyra
ен ауели пикиринизге коп рахмет! Мен мунда танымды бир идея айтуды коздеген жокпын, тек корши жигиттин сырткы бет-алпетин суреттеу максатында жазганмын, журегинизге жетпей жатса арине кеширим сураймын…
maulen
Көрші жігіт жүргенмен есік қағып,
Басқаға ауарау назары.
gulmyra
Көрші жігіт жүргенмен есік қағып,
Басқаға ауарау назары..\\\\\\Суйемин коп мунды кешип барып, Баскада журседе жанары…
mairosh
Ал маған ұнады:)
gulmyra
коп рахмет!
Jako
Тыңдағанда жүрегіміз қияқтанып,
қасы қияқтай деген теңеуді білуші едім,жүректеріміз қияқтанда дегеннің қай тілде екенін білмедім.
Ерге ұят -қыз баланы дүрмектеу,
Дүрмектеу-дегеннің мағанасы не,«дүрмек» сөзі, апыр-топыр, аласапыран сөздерінің баламасы, орысша «под шумок»
Келді ойым өзіңізді суреттеу.
«Келді ойыма өзіңізді суреттеу»-дегіңіз келген болар.
Деп қаламын кейде сені аққу ма?!
Жігітті қыранға, бүркітке,қырғиға теңеуші еді, көрші жігітіңізді аққуға теңеп қатырыпсыз.
Қобызындай сенің күлген күлісің.
Судың сыңғырындай сұлу күлкілерді естіп едік, ал қобыздың зарлы, мұңлы үнін күлкіге теңегенің таза масқаралық-ау.
Ауызың Ай сияқты жымиған,
Көздерің Kүн сияқты жымиған.
Қазақ тілін мүлдем түсінбейтіндер де мынандай теңеу айта қоймас, не деген сұмдық…

Бұл өлеңнің әрбір жолына осындай сын айтуға болады, бірақ уақытқа обал. Маулен,WWWVVV, Көршінің қызы өз сындарын айта жатар, менің айтарым осы.Түкке тұрмайтын нәрсені өлең жеп жаза бергеннен қазақ поэзиясы әбиір таппайды.
gulmyra
салем Жако! калдырган пикирине рахмет, граматика жэагынан кеткен шыгар кателик, бирак тил маселесине келгенде сиздин айткан маселелеринизге келиспеймин, сиз кателесесиз, мысалга:
сиз айткан касы кяктай дегенди мен бириншы естип турмын, мумкин касы киылган шыгар, ал менин оленимдеги КЯКТАНУ — ол таза казактын сози, ол тилину, жаралану, белгили бир жер мертигип ауырганын айтады, мунда мен «Тыңдағанда жүрегіміз қияқтанып,
Жүрміз-ау сырымызды жиі ақтарып» деген жолдарымда корши жигитпен жакын сырласып, мун шертискен сатте кей мунлы ангимелерге журегимиз ауырып, жанымыз ашып отыратын, соны бейнелегим келген… сиз айткан бул созди мен Жумабекулы Серик деген жазушы кисиден сурадым, натижесинде менин колданылуым дурыс болды, осылай далелдей алды-ау деп ойлаймын, жане де Мурат Отегеновтын «казк создиги» атты китабында осы созге аныктама берилген, 607-беттен тауып аларсыз…
ДУРМЕКТЕКУ — бул какпайлау, мазак кылу, дорекилик корсету, жазалау деген магыналарды билдиреди, мен бул созди атамнан уйренгенмин, ылгида агама айел затын дурмектеме деп айтатын, ол сози айелди курметте, айелге корсеткен дорекилик ер жигитке намыс дегени, «Ерге ұят -қыз баланы дүрмектеу» деп мен соны айткым келген…
АККУ деген кыз балага каратылган деп ким айтты сизге? аккудында еркеги бар шыгар, КОС АККУ деп жатадыго, сонда не еки кыздын махаббатын айтып жатырма коп акындарымыз? АККУга тенгеним озимнин сынарым деп астарлы турде билдиргенимго…
КОБЫЗ — ол улттык аспапко, конил котеруге, тындап лазат алуга арналган кадимги музыкалык аспапко, оны мунлы зарлынын симолы еткениниз кызык болды. Коркыттын кобызы деп отырганым — онын тарткан кобызы аспанды жангыртып, мын кубылтады екен, айтайын дегеним ол кулгенде конилим астан кестен болып есим шыгады, катты гашыкпын дегеним, ер адамнын дауысы коныр болгандыктан кобыздын дауысы сякты дегеним, сылдырлаган су кыздардын кулкиси емеспе, кайдан кодиниз сылдырлап кулген жигитти…
Сулулык кызда гана бар деп ойлайсызба? Ай ауызды, Кун козди жигиттерде бар емеспе, келбетти екенин жеткизгим келген, кайдан билейин оз тилин тусинбей корлайтын жан бар екенин…
Курметти Жадо, биреуге пикир жазбас бурын, тусинбеген создеринизди биринши создиктен карап алынызшы, озим тусинбеймин деп жаза салуга болама екен, казактын тили сиз билетин создермен шектелмейтинин ескериниз, казактын создиги боска шан басып турмасын…
артык айтсам кеширим сураймын, шынында да сиз жазган пикирге кеткен уакытка обал-ак болыпты, аныктап алуыныз керек еди, аттен! меинде уакытыма обал болды, бирак берилген пикирге тусиниктеме беруге миндеттиминго, ким билсин сиздин созинизге тагы биреу шатасып кетеме…
окыганынызга рахмет!
followme_alik
Есеп: 1 — 0,79.
Әркім білгенімен қалсын, сауаттыларым)
qyrmyzy
Жако аға деңіз
Jako
Жақсыыыы)))
aidarkaka
ық ық ық ық))))
korwinin_kyzy
Поезия жазбаган жаксы Қолданушылардын жеке шыгармашылыгы деген блог бар сонда жазуга болады))))
MSHERIMBEK
Ұнады, тартымды екен жазуыңыз)
kazakh_kyzy
Меніңше, екінің бірі жан сезімін жыр жолымен білдіріп жатқан жоқ… Жүректі тербеген тәтті сезімді қолдан келгенше құлпыртып жеткізуге тырысқан. Осылай да шыңдалады адам...Қанатың талмасын!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.