Ең соңғы қоштасу

Бүгін мендік болғаныңмен, ертең бәрі елес еді,
Сенсіз өтер әр бір күнім, тек елеспен кеңеседі.
Мені сүйсең тек менімен,қалар деген ой еді,
Бәрі бітті деген сөзім, шын көңілім емес еді.

Көз жасымды төгіп жүрмін,өткен бірақ келмес еді,
Енді мені: “сүйем”,- десең, оған жүрек сенбес еді.
Егер сені сүймегенде,қуыршақ болып күтпес ем,
Жүрек саған оралуға, сонша уақыт бермес еді.

Өзгердіңбе білмеймін, жан емессің сен кешегі,
Сүйген адам сүйгенін,қасыретке бермес еді.
Мені сүйсең басқа жанды,құшағыңа алмас ең,
Тым құрыса жәй айтсаңда, сүйем дегің келмес еді.

Бас тартайын десем сеннен, жүрегім жүр бағынбай,
Басқа жанның алтынысың, жақсы көрер жанындай.
Қазыр мені құшақтарсың, ерінімнен сүйерсің,
Бірақ ертең жоқ боласың, бір көрінген сағымдай.

Бұл махаббат мен үшін, аяғыммен шоқ басу,
Екі қызбен бірдей жүрсің, керек енді тоқтасу.
“Тағы қайтып келерсің”,- деп, бетіме қарап тұрсың сен,
Бірақ енді оралмаймын, бұл ең соңғы қоштасу.

Мен сен үшін жақындағы ойыншықпын білемін,
Көңілім қалды бір өзіңнен, жараланы жүрегім.
“Бәрі бiтті”,- деген сөзім, шындық болсын не дейін,
Қайда жүрсең кіммен болсын, бақытты бол тілегім!

12 пікір

maulen
Тілегің жақсы-ақ, бірақ өзіңді ойыншыққа теңеуін жөн емес еди ғой...
Ит үреді керуен көшеді
Jako
елес еді, кеңес еді, бермес еді, жемес еді, анау деді, мынау деді дегенің бәрі өлең ба, білмеймін…
korwinin_kyzy
Сын тапқанга қолқа жок)))
gulmyra
иа иа колка жок, сол сынды тапкан адам неткен акылды еди… керемет айтыпты сынды…
gulmyra
Мхм, ар адам ар турли ойлайдыго…
aidarkaka
сын тапқаны ғо)
gulmyra
сын айтканы дурыско, бирак тырнак астынан кир издеп кереги не боска шаршап…
gulmyra
аха, жаксы тауыпты… дурысты кате деп билеме… менде билмеймин…
korwinin_kyzy
Осы апта поезия апталыгы деп жариялансын))))
gulmyra
неге олай дегенинизди тусинбедим…
yesbolat83
Бас тартайын десем сеннен, жүрегім жүр бағынбай,
Неге екені, маған тек қана осы жолдары ұнады.
gulmyra
Рахмет ага!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.