Сүйем сені

Сүйем сені жалынға күйіп тұрып,
Пәк сезімнің нөсерін құйып тұрып.
Жұрегіммен ап-аппақ кір шалмаған,
Сүйем сені айрандай ұйып тұрып.

Азабына тағдырдың көніп тұрып,
Өмірде саған ғана төніп тұрып.
Қанаты талықпайтын аққуыңдай,
Сүйем сені сүюден өліп тұрып.

Көкіректі сезімге керіп тұрып,
Тек өзіңнің соңыңнан еріп тұрып.
Шоқтай ыстық мынау бір жұрегімді,
Сүйем сені өзіңе беріп тұрып.

Сүйем сені бақытым деп қалап тұрып,
Сүйем сені көзіңе қарап тұрып.
Сүйем сені жаныма балап тұрып,
Сүйем сені жылдарды санап тұрып.

Сүйем сені ажал жанды алғанша,
Сүйем сені есімнен танғанша.
Сүйем сені тек сені сүйе берем,
Ең ақырғы бір демім қалғанша.

5 пікір

akmaral_toktagulova
keremet olen jaksi aser kaldiradi))) omirde osilai suie alatin jandardin barina kuanam…
gulmyra
демеу берип отырганынызга коп рахмет, суйетин жандар бар, бирак суймейтин жандар оданда коп…
maulen
Сүйем сені бақытым деп қалап тұрып,
Сүйем сені көзіңе қарап тұрып.
Сүйем сені жаныма балап тұрып,
Сүйем сені жылдарды санап тұрып.

Сүйем сені ажал жанды алғанша,
Сүйем сені есімнен танғанша.
Сүйем сені тек сені сүйе берем,
Ең ақырғы бір демім қалғанша.
Керемет!!! Сүйуді сенен үйрену керек болдығой! Қалай ғана елжіремейді екен сен сүйген жан мұндай өлеңнен!
gulmyra
Эх, балким олда биреуди суйетин шыгар осылай деп ойлаймын… Рахмет Маулен жаксы пикирлериниз ушин.)))))))))))
maulen
Оқасы жоқ! Сіздің жалынды жырларыңызды ол басқа біреуге бағыттап жүрген болар…
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.