Сүйем сені

Сүйем сені жалынға күйіп тұрып,
Пәк сезімнің нөсерін құйып тұрып.
Жұрегіммен ап-аппақ кір шалмаған,
Сүйем сені айрандай ұйып тұрып.

Азабына тағдырдың көніп тұрып,
Өмірде саған ғана төніп тұрып.
Қанаты талықпайтын аққуыңдай,
Сүйем сені сүюден өліп тұрып.

Көкіректі сезімге керіп тұрып,
Тек өзіңнің соңыңнан еріп тұрып.
Шоқтай ыстық мынау бір жұрегімді,
Сүйем сені өзіңе беріп тұрып.

Сүйем сені бақытым деп қалап тұрып,
Сүйем сені көзіңе қарап тұрып.
Сүйем сені жаныма балап тұрып,
Сүйем сені жылдарды санап тұрып.

Сүйем сені ажал жанды алғанша,
Сүйем сені есімнен танғанша.
Сүйем сені тек сені сүйе берем,
Ең ақырғы бір демім қалғанша.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.