Қалаймын...

Ғашықтарға жаратылған бақтарда,
Мен өзіңмен бір болуды қалаймын.
Аңсауменен сағынысқан шақтарда,
Жүрегіңе жыр болуды қалаймын.

Сені өмірде бақытсыз жан етпейтін,
Тұсінетін қыз болуды қалаймын.
Жүрегіңнен мәңгілікке кетпейтін,
Терең батқан із болуды қалайнын.

Тасып жатқан сезім көлдің арнасын,
Маған ғана құюыңды қалаймын.
Енді қалған өміріңнің жалғасын,
Тек менімен сүюіңді қалаймын.

Пәк жанымның есе бермес ырқын,
Тек өзіңе алдыруды қалаймын.
Ашылмайтын құлыбымның кілтін,
Тек өзіңе қалдыруды қалаймын.

Бар сырыңды ашып айтпай жаырып,
Іш тұбіне түймеуіңді қалаймын.
Мойынына басқа жанның асылып,
Ерінінен сүйнеуіңді қалаймын.

Сен мұңайсаң өзіңмен бір күрсінер,
Мейірімді жан болуды қалаймын.
Өмір бойы жүрегіңді тұсінер,
Адал, ашық жар болуды қалаймын!

1 пікір

AKA
Түс әсер, ой болмады оқығанда.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.