О,поэзия!

Поэзия, менімен егіз бе едің?!: О,поэзия!«Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да.
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл — жасыл шұғыла шашылғанда,
Көк жиек пен көк жиекке қосылғанда.
Махаббаттан іздедім, сағыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан.
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау, жабығыстан,
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршігу, күрсінуден,
Сені іздедім жүректін дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттардан іздедім, сағаттан да.
Сені іздедім, іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?»

М.Мақатаев.

4 пікір

gulmyra
оз оленин жазган екен десем…
Jako
Мұхамнан асқан сіз сияқтылар тұрғанда маған жол қайда?))!))
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Жако ағай, мен де өз өлеңіңізді жазған боларсыз деп ойлағам. Мұқағали ағамыздың туылған күніне орай мүмкін бір өлең арнап жария етерсіз.
Jako
Ой Еске,өле алмай жүр дейсіңбе, мен өз қадірімнен сөз қадірін жоғары қоятын адаммын ғой. Мұхаңа өлең жазбай ақ өлеңін қадірлеп өтсем де өзіме риза болар едім.Әттең кейде ол да қолдан келмей жатады емес пе?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.