Қинама енді махаббатыңмен

Қинама енді махаббатыңмен, жарығым!
Сүймеші мені!
Еркіндігімді сағындым!
Сезіміңді айтып, сезімімді сұрап бекерге,
Әуре де болма,
Жүрекпен мені танығын.

Көрінсем кейде жұмбағы көптеу жан болып,
Құмартпа сырға, қарама маған таңданып.
Жаураған шақта,
«От болып келдім, міне», – деп,
Жылытқаныңнан алмасын бойды мұз қарып.

Аялай берме әдемі гүлдер ұсынып,
Аялағаннан көңілім босап, тұр сынып.
Махаббатымнан көрмегенді сенен көргенге,
Аршылды жарам, кетпесін енді ушығып.

Білесің, бәрі сатын ғой базар – өмірде,
Дәмің де татқан, мейірім, ізет, көңіл де.
«Сыйға – сый» деген,
Сыйлаумен шексіз ұтпағың –
Жауапты етіп, қарызға мені көму ме?

14 пікір

gulmyra
супер!!! менде сен сякты озимди суйген биреуден кашып журсемгоооо, ай, кайдан… куаласакта жете алмай журмиз, колда барды кадирлей бил....)))))))
jalyn
Иә, алмақтың да салмағы бар… Кейде сүйгеніңнің сүйсінерлік ісіне жауап қайыра алмағаныңа қатты қынжыласың… Әдемі идея, ұйқас та ерекше. Маған ұнады
nurbanu_KAMAL
Рахмет, достар! Пікірлеріңіз бір қуантып тастады.
maulen
Әрине, махаббат, сезім, құщтарлық, сүю, жек көру, бас тарту сияқты жауабын әліде таба алмай келе жатқан сауалдарымыз әр қайсысмыздың басымызда бар. Адамдар ол сезімдерін жай айтып та, ұрсып та жеткізеді. Ал ақындар сол сезімдерін жалынды жырларымен жеткізеді. Сонда ғана жай адамдар сол өз ойларын жалынды ақындардың жырларынан тапса нұр үстіне нұр емес пе? Сол себепті Мұқағали атамыз да халықтың жүрегінен ойып орын алды ғой! Сіздің жырыңыздан мен өзімнің бойымдағы сезімімдей әсер ала алдым. Сол себепті сіздің жырыңызды жоғары бағалаймын. Талабыңызға нұр жаусын.
Соңғы өңделген уақыты:
nurbanu_KAMAL
Айтқаның келсін. Менің оқырмандарым – осы айтаберлік достарым ғана. Болашақта жазарым мен оқырмандарым көбейе ме, жоқ па бір Алла біледі. Сенің сөздерің жігерлендірді. Рахмет!
maulen
Ең бастысы өзіңді өзгелерден төмен санамауың, өзіңдік жолынды салып кетсең жақсы ғой. Өазір көбісі еліктецшіліқтің көлеңкесінде калып жатыр! айтқандай оқасы жоқ!
jalyn
Менің ойымша, идея жағынан өзіндік ерекшелігің бар. Ерекше мағына. Ал, енді сол ойыңды айтудың қисынын керемет келтіре алсаң әлі-ақ оқырмандарың көбейеді)))
maulen
Рахмет, Шымкенттік бауырым!
yesbolat83
Нұрбану, өлең өттте керемет жазылған. Өз сезіміңді өлеңмен жеткізу деген қандай құдыретті қасиет десеңізші. Осындай қасиет менде де болсыншы деп армандап отырмые ше.)
nurbanu_KAMAL
Сіз әңгімені жақсы жазасыз ғой. Рахмет пікіріңзге!
Jurman
Нұрбану, сіздің өлеңіңізді бірінші рет оқып отырмын. Айтқандай мен енді ғана бұл блокқа қосылдым.Өлеңіңіз әдемі екен. Ал дүниелік алып қарасақ тер төгіп жүрген жігітті де бағалай біліңіз!)))
nurbanu_KAMAL
Блогқа қош келіпсіз! Рахмет!
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Нұрбану жақсы жазасың, тек қана алға.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.