Терезем

Ұмытпаймын, Ұмыта алу мына қолдан келеме?
Сұрағым көп сұрай берсем, маған жауап береме?
Түн жамылды, ұйықтай алмай баяғыдай жатырмын,
Тоқылдашы, тоқылдашы, неге үнсізсің терезе?

Ұйықтамадым, тереземді өзің келіп қағар деп,
Белгі беріп ар жағынан бір жарығын жағар деп.
Мейлі-мейлі басқа жаннан бақытыңды тапсаң да,
Іздей-іздей бұл жүрегім тағы өзіңді табар тек.

Қақшы жаным тереземді сыртқа атып шығайын,
Сағынышты мұңдарымды жанарыма тығайын.
Осы сәттің қадырын бір шын көңілмен ұғайын,
Келші жаным құшағыңа тағы бір сәт құлайын.

Келші жаным маған деген махаббатын солмаса,
Қыдырайық өзен бойын құшақтаса, қолдаса.
Осы сәтті армандамас ем, ойыма да алмас ем,
Тек өткенде жүрек сенімен шын бақытты болмаса.

Шын ғашықпын, от кеулемді ыстық сезім кернелер,
Көзім жебе, айрылмастан жолда жатыр сен келер.
Аттең-әттең, сен келмедің, дірілдейді ақырын,
Тереземді қалқалаган ақ толқынды перделер.

Қақшы жаным тереземді сағынбайды деппедің,
Қялымды орындашы өтінейін тек менің.
Ойыңа да келмес сенің сені ойлаған біреудің,
Терезеге карап жатып тәтті ұйқыға кеткенін.

Маған жолдас жатын бөлмем, төрт бұрышты керегем,
Сағынамын, сағынғанда ауыр мұңға кенелем.
Түн жамылды, ұйықтай алмай баяғыдай жатыпмын,
Тоқылдашы, тоқылдашы, неге үнсізсің терезем.

9 пікір

maulen
Кермет! Тереженің тоқылдауы үтітіңнің жалғауы болса ерте ме кеш пе айтеуір біреу келіп тоқылдатар. Бірақ өзің қалаған жанның тоқылдатуына жетпейдау....+1
gulmyra
рахмет, сиздин олендеринизди де сагынып калдык, кашан жарык кореди жана олендер?
maulen
Оқасы жоқ, қазір оқып датарсың…
assiya_nurlybaeva
Тамаша туынды! Терезеңді тек өзің қалаған жан ғана тоқылдатуына тілектіспін лайым. Жүректен шыққан дүниең жүрекке жетті)
gulmyra
рахмет Асия, амин кабыл болсын!!!
jalyn
Өли, мынаУың сҰмдыҚ қой! Жарайсың, Гүлмира маған қатты ұнады. Шынымен, көз алдыма келді ғой… Шеберлік!
gulmyra
рахмет, терезенин токылын кутип жатып шыгарганымго… сол кездеги жагдайымды жеткизуге тырыстым… сизге унаганына оте куаныштамын… рахмет:-)))))
Kan
Туф мыны жырдан сіздің сөзсіз ғашық екеніңізді сездім. Терезені қағып жүргенде әкеңіз ұстап алып махаббаттарыңызды шығармасын қалжын ғой. Сәтті шыққан өлең. Жігітіңіз енді телефон шалсын сонда біз «телефон» деген өлең оқитын боламыз. Жырың үшін рахмет шабыты қозған,қатардан озған ақын қыз.
gulmyra
рахмет Кан мырза, бул олен 11-сынып окып жургенде жазган едим, сол кезде жигитиммен айрылысып кеткенмин, бирак бурынгыдай тереземди токылдатканын калаган едим, солай жазылган олен, Телефон туралы да жазганым бар, бугин жарык кореди… сиздин жаксы пикирлериниз ушин коп рахмет, конилим бир котерилип калды...:))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.