Байқаусызда

Ақпан айының 7 және 10 жұлдызында үйге барып қайттым. Бәрі аман сау. Қалаға бірер шаруаларыммен шығып едім, жолдан ең жақсы арласатын дос қыз алдымнан құрбысымен бірге келе жатыр екен( ғашық болуға сәл жақын жандармыз) мен олардың алдынан күлімсіреп күтіп тұр ем, қарамай өте берді. Ренжіп қашанғы әдетімше жыр жаздым( әрине жыр деп атауға келсе) кешке өзіне жіберген ем. Ренжімеуімді сұрап, байқамай қалғанын айтты.

Байқамаймыз, барма осы кiсiлiк шын?!
Iштей тынып, тұмшалап барымызды.
Ей жалғыздық, жанымды түсінiпсiң,
Сыртымнан сыңарлатып сары күздi.

Беу сары күз, жігер жібін тастағын,
Шұбырлатып, жеткізейін талайға.
Мына мені өкшелеген басқа мұң,
Байқаусызда шалып түсер қалайда.

Барiн байқап байыптаған боламын,
Жол iздеймiн жүрегiнен өзгенiң.
Жолаушылап, арып, тозып, соламын,
Тұрагы жоқ өзiң болған өзгемiн.
***
Мен сенiң жанарыңнан күлкi iздедiм,
Сол бейне маған қарай төтеледi.
Жаңа көрдім байқамай бір қыз менің,
Қасымнан өте берді.

26 пікір

avatar
  • gulmyra
  • +1
ол кыз кандай бакытты еди… керемет, кызганып отырмын)))))
avatar
  • maulen
  • 0
Бақытты шығар ау. Бірақ менсізде бақытты бола бередау…
Жарайсың Мәулен, әсерлі сезімді әдемі қып жеткізіпсің… тек түсінсе болғаны…
avatar
  • maulen
  • 0
Рахмет, Арай! түсінуді былай қойғанда сезіну бар емес пе? ең бастысы сезіне білсе болғаны ғой!
Дұрыс Мәулен, адамға сезім деген қасиетті тарту еткенмен, сүйіспеншілікті сезінуде көрсоқыр болып қаларымыз анық қой… Уақыт керек бәріне… күте білсең болғаны…
avatar
  • maulen
  • 0
Сенім, сезім, сүйіспеншілік т.с.с айтылуы оңай ұғынуы қиын создердің шынайылығы аз болғаныжаныңа батады ғой! Ал осы сөздердің алдына «шынайы» сөзін қояр болсақ, қаншама адамның бет пердесі ашылар еді....қызық…
Соңғы өңделген уақыты:
Бөтеннің бет пердесіне жабысып опа таппассың! Әркімнің таңдаған жолы мен талғамы бар. «Шынайылықты» өзің сүйсең болғаны, адал жүрекке тек адалдық серік болмақ сонда, өмір солай Мәулен…
Соңғы өңделген уақыты:
avatar
  • maulen
  • 0
Арайжанау, дұрыс қой! Менің тілегенім опа табу емес. Мен сезінген шынайы сенімді өзгеге сезіндіре білу ғой! Мендегі сезіну — ыстық пен суықты сезіну емес. Керісінше осы қарама-қарсы дүниелердің қайсысы жат, қайсысы жақ осыны сезіну.
Соңғы өңделген уақыты:
Опа тап дегенім жоқ Мәулен… жай ғана ұғатын адам ұғынар дегем… тек өзің адал жүрекпен қалсаң болғаны…
  • Chan
  • +1
періштесіңдер ғой әлі, шырақтарым!)
avatar
  • maulen
  • 0
Бізді періштеге теңесеңіз. Алтын көріп жолдан тайас үшін өзіңіздің де пікірлеріңізбен бөлісе отырсаңыз!
avatar
  • maulen
  • 0
Рахмет, Арай!!!
Жарайсың, Мәулен. Сезімге беріле отыврып жазған секілдісің ғой) Керемет дүние, Арай айтқандай, осы сезімді сезіне білсе болғаны ғоы. Уақыт -емші. Бір күні болмаса да, басқа бір күні түсіне жатар…
avatar
  • maulen
  • 0
Рахмет, Әсия! Ертеме кешпе сезінетін болар!
avatar
  • dimash
  • 0
— оу Пәленше, танымай өтіп кете бересін ба?
деп шақырвалмадыңыз ба) Мүмкін мен сияқты адамның түрін жаттай алмайтын шығар))
avatar
  • maulen
  • 0
Шақырар ем ғой, өтіп кеткесің ол емес өзім ынғайсызданып қалдым ғой! Бұл жерде түрдің еш қатысы жоқ. Айтуынша құрбысымен қызу әңгіме үстінде болған екен!
avatar
  • Kan
  • +1
Інімау сәл болмашыға осындай ауыр сөз жазуға болады ма екен. «Тұрагы жоқ өзiң болған өзгемiн.» тұрағым жоқ деп өзіңді сорлы қылып көрсетудің не қажеті бар. Бір қыздар амандаспай кетті екен деп жыр жаза берсең сен ұсақ сөз терген арзан сезімді ақын болып қаласың ғой.

«Көріңгенге көз салған көңіл арсыз» деп Ақан сері жазғандай. Арзан сезімге бас ұрып өз құныңды түсіре берме інімау.
avatar
avatar
  • maulen
  • 0
Күлкіңіздің астында қандай күлкі жатыр екен, кемсіту ме, мазақ па, мысқылдай күлкіме? Әйтеуір езуіңіз жиырылмасын!
avatar
  • maulen
  • 0
Рахмет! Кан аға, айтқандарыңызды есімде ұстармын! Бірақ өзіңіз айтып отырған сын сөзіңіз шындық! Өзімдегі кемшіліктің өзгенің бойынан көріп қалған мен сол кемшілікті дұрыстауға еңбектенермін! Ал Ақан серінің айтқаны орындақ! Бірақ үш арсыз нәрселер бар емес пе?
avatar
  • Jako
  • 0
«Көріңгенге көз салған көңіл арсыз» деп Ақан сері
Әй осы сөзді Ақан атамыз өзіне айтқан-ау деп ойлап қоямын.
avatar
  • Kan
  • 0
иа аға Ақан сері ол сөзді өзіне айтқаны рас өзінің серілігіне өкпелеп айтқан өлеңі бар ғой.
avatar
  • Jurman
  • +1
Мәулен бауырымыз өзі романтик. Өлеңде өз өрнегін тауып келеді. Бастысы ізденуден жалықпайды. Жарайсың. Әсіресе фонға қойған суретін айтсаңшы(әзіл).
avatar
  • maulen
  • 0
Рахмет бауырым!
Мағыналы өлең екен… Ақын жанды адамдардың айналаға сезімталдықпен қарайтындығы осыдан-ақ байқалып тұрған жоқ па? Бір ғана жыр болғанымен… Жұртшылыққа «адамдар бір-біріңе назар салыңдар» деген сияқты))
avatar
  • maulen
  • 0
Рахмет, Семсер_сөз!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.