Не жақсы?

Ұзақ болса да, жүретін жолымыз.
Шолақ болса да білек,қолымыз.
Таусылып бітседе, ақша мен қорыңыз
Үйіліп келседе,қайғы мен сорыңыз.

Аурудан ада,
тәп-тәуір таза.
Деннің сау, болғаны жақсы

Терең түсіп, ойлай алмасаңыз да.
Даналықты біліп, болай алмасаңыз да.
Пайдалы іске, жарамасаңыз да
Саналы істі, шын қаламасаңыз да

Аурудан ада,
Тәп-тәуір таза
Ақыл-естің сау, болағаны жақсы.

Көзіңнің жасын, тиялмасаң да.
Қайғыдан есті, жиялмасаң да.
Әділдікті іздеп, таба алмасаң да.
Шындықтың отын, жағалмасаң да.

Күнәдан ада.
Тәп –тәуір таза
Ұят пен ардың болғаны жақсы.

Жақсылық жасап, сауап қылмасаң да.
Анаңның күнде, шәйін құймасаң да.
Байқамай кейде, жанды қинасаң да
Үйіңе арақ, тығып жинасаң да.

Исламды білген.
Аллаға сенген.
Жүректе иман, болғаны жақсы.

Көреалмай сені, күндеп жүрсе де.
Мазақтап сені, күнде күлсе де.
Боқтаған сөзі, жаңға тиседе.
Қорлықтан жаның, ашып күйседе

Анаңның көзі.
Әкеңнің өзі.
Туыстың аман жүргені жақсы.

Тыңдамай сені, арсыз болса да.
Басыңды келіп, өзі жарса да.
«Әке» деп сені сыйламаса да.
Асырап сені бағалмаса да.

Болмасын жетім.
Бауырым, етім.
Балаңның аман жүргені жақсы.

Тағдырдан сан- мың, таяқ жесең де.
Күніңді сорлап, зорға көрсең де.
Түңіліп «бәрін қойдым» десең де.
Бақытсыз болып, азап терсең де.

Шындығы осы.
Адамның досы.
Өмір сүріп жүргенің жақсы.

17 пікір

Korkem
Керемет жазылыпты, ұнады.
maulen
Тыңдамай сені, арсыз болса да.
Басыңды келіп, өзі жарса да.
«Әке» деп сені сыйламаса да.
Асырап сені бағалмаса да.

Болмасын жетім.
Бауырым, етім.
Балаңның аман жүргені жақсы.
Кркмет жазылған екен! "Әке көрген оқ жонар" демекші іштен шыққан сұр жыландеп қарап отыа беруге болмас. Қоғамға зиян келтірушілерде осы теріс тірбиден шығады емес пе! сондықтан сіздің осы жыр жолдарындағы айтар ойыңызға келісе алмаймын.
Jako
Мәулен әрине келіспейсің, себебі сен өзің әлі баласың.Ертең балаң болса басқаша ойлайсың.Сенің балаң басқа үшін қарақшы болса да, ата-ана үшін әруақытта өз баласы.
Kan
Иа Маулен пікірің орынды. Сен көрсеткен бөлімі естір құлаққа ауыр, оқыған көзге оғаш болып көрінетіні рас. Бірақ Жако аға айтқандай өмір осындай дүниелерді жазуға мәжбүр қылады.Балаң қанша жаман болып оны көргің келмеседе іштей амандығын тілейді әр ата-ана.
Jurman
Сіз сияқты ағаларымыздың тйген, білгендері осылай әдемі жыр боп төгіліп жатса, мына біздерге де үлгі ғой. Рахмет сізге!
ai-naz
Ой салар дүние!
gulmyra
сооооол, сиздин оленининз жаксы)))))))
korwinin_kyzy
Жақсылық жасап, сауап қылмасаң да.
Анаңның күнде, шәйін құймасаң да.
Байқамай кейде, жанды қинасаң да
Үйіңе арақ, тығып жинасаң да.

Исламды білген.
Аллаға сенген.
Жүректе иман, болғаны жақсы.
Слишким емеспе БРАТАН?
Jako
көршінің қызы қалқам, мен де осы жерде ойланып қалдым.

Жақсылық жасап, сауап қылмасаң да.
Анаңның күнде, шәйін құймасаң да.
Байқамай кейде, жанды қинасаң да
Барыңды тығып,үйіңе жинасаң да — деп өзгерте салса қалай болар еді.
korwinin_kyzy
Қалқам
қалқамы нес

Барыңды тығып,үйіңе жинасаң да — деп өзгерте салса қалай болар еді.
Бұны Абдрахман Асылбекке беріп сөзін дурыстатып алу керек
Jako
Абдрахман Асылбек, неге оған?
korwinin_kyzy
Ақын ғой дегенимго)))
Kan
иа ты дөрекілеу шыққан секілді келісемін.
Jako
Моральге сәл қиғаш болса да өлең өзіме ұнады.мен ұрымын, немесе мен ішкішпін деп өмірден баз кешкендер жоқтың қасы, бәріде өмір сүруде.Өмір ең тәтті, оған дау жоқ, бұл мойындасақ та, мойындамасақ та шындық.
Тағдырдан сан- мың, таяқ жесең де.
Күніңді сорлап, зорға көрсең де.
Түңіліп «бәрін қойдым» десең де.
Бақытсыз болып, азап терсең де.

Шындығы осы.
Адамның досы.
Өмір сүріп жүргенің жақсы.
Ұнады, Кан мырза!
Kan
рахмет аға
mairosh
Керемет жазылыпты түүүү жарайсыз!
akmaral_toktagulova
Oleniniz winimet keremet. Omirdegi katelikterim jailida oilandirip jiberdi super…

Терең түсіп, ойлай алмасаңыз да.
Даналықты біліп, болай алмасаңыз да.
Пайдалы іске, жарамасаңыз да
Саналы істі, шын қаламасаңыз да

Аурудан ада,
Тәп-тәуір таза
Ақыл-естің сау, болағаны жақсы.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.