Бола бермес үнемі көздегенің

Бола бермес үнемі көздегенің,
Өмір әркез істетер өз дегенін.
Кенеп болып шығады-
Қамқа десең.
Жібек болып шығады-
Бөз дегенің.

Өкініп те,
Көресің көпіріп те.
Жетіліп те,
Көресің кетіліп те.
Көз алдыңда тұрғанға сенбейсің де,
Бас шұлғисың қисынсыз өтірікке.

Алды-артыңды осылай аңдай алмай,
Өзіңді-өзің боласың алдағандай.
Сенбегенің сенімді,
Ал сенгенің
Сатқын болып шығады
әлде қандай.

Бүгілмеске
Сондықтан бүгілесің.
Үңілмеске
Еріксіз үңілесің.
Бірде қатып қаласың
қасарысып,
Бірде бордай босайсың.
Үгілесің…

Жаныңа өстіп ауыр жүк бөктересің,
Ыстықты да суықты өткересің.
Жаза басқан сәттерің еске түссе,
Өзге түгел,өзіңді жек көресің.

Өкінішің-
Өр болып ентіктірер.
Қателігің-
Ор болып мертіктірер.
Адам жанын түсіну- қиямет қой
Қарбыз емес сыртынан,
шертіп білер!..

12 пікір

Jurman
Өлеңіңізге қарасам түйгеніңіз мол ұқсайды. Жаксы дүние екен. Шығармашылық табыс тілейм одан әрі.
ai-naz
Пікір білдіргеніңізге рахмет! Ең бастысы, оқырман жүрегінен жол табу!
maulen
Кремет, өте таныс ырғақ, өте таныс жыр! Мен тек бір ақынның өлеңдерінен осыншама сөзбен айтып жеткізбестей әсер аламын! Сол сіз ау дим, сізді танимынау…
ai-naz
Поэзия әлеміндегі жандармыз ғой!
Korkem
Мынауыңыз бір ғажап дүние екен. Жазыңыз, жаза түсіңіз…

Пы/сы: қош келдіңіз!
ai-naz
Пікіріңізге рахмет!
Jako
Ақыры Айтаберге де поэзия ауылы қонақтайын деді-ау! Керемет! Пүлістедім.
Соңғы өңделген уақыты:
ai-naz
Алғызым шексіз!
assiya_nurlybaeva
Жарайсың, Ақтолқын. Жақсы жазылған дүние, менің көңілімнен шықты. Жазарың таусылмасын!!!
akmaral_toktagulova
Winindada keremet oleninizge tanti boldim.
ai-naz
Сізге ұнағанына қуаныштымын! Рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.