Өмірге

Өмір, сені несіне жұмақ деймін?
Кеше киім біреуден сұрап кидім…
Ауыстырып жертөле-жертөледен,
Көрінбейді-ау ұшы да тұрақты үйдің…

Өмір, сені несіне деймін жұмақ?
Анам алад білдірмей кей күн жылап.
Ана көзін көлдетер кімсің өзі?
Кім болсаң да кеттік-ау өй жүнжіп-ақ…

Білесің бе жүргенін жан бір мендей?
Айтқанына жүретін тағдыр көнбей.
Қырсығасың маған кеп қасарысып
Қаталаған қуаңда жаңбыр бермей.

Бәріне бер! Тарат! Шаш!
Құйындаған күйімді алам, тастама тиын маған!
Анам айтқан: бұл өмір қиын, балам.
Қазір оған көрсетем, киін, мамам.
Ей, сұм өмір, бері кел, миыңды алам!
Найзағайды құлату арғымақтан
Дәл саған бұйырмаған!
Сен биледің он бес жыл,
Енді сенің мына мен БИІҢ БОЛАМ!!!

11 пікір

korwinin_kyzy
Өмірге ренжеп жүрсінбе Қарындас?
Kan
"«Енді сенің мына мен БИІҢ БОЛАМ!!!» өмірді билеу оңай болма. Адамға билік жүргізуге болады ал өмірге билік жүргізем деу қисынсыз. Өмірдің миын алу үшін біздің ғұмырымыз жетпейді. өмірді тек сабырмен, ақылмен жеңбек керек. Анаңның көз жасы тек қуанышта ғана көрінгей
Jako
Іске сәт Найзағай,әркім өз өмірін билей алатын болса,өз өмірінің биі болса ол тамаша!
akmaral_toktagulova
oleninizden omirge okpeniz kop ekeni baikaladi))) Bari jaksi bolad kop munaiudin kajeti jok
yesbolat83
Менің пікірімше мына жолдардан
Найзағайды құлату арғымақтан
Дәл саған бұйырмаған!
Сен биледің он бес жыл,
Енді сенің мына мен БИІҢ БОЛАМ!!!
автор өмірдің талай қиындықтарына мойымай алға қарай ұмтылам деп тұрған сияқты
Jako
Сен биледің он бес жыл,
Енді сенің мына мен БИІҢ БОЛАМ!!!

Бірақ он бес жыл дегеніне ойланып қаласың.Мүмкін «Болар бала он бесінде баспын дер, болмас бала жиырма бесінде жаспын дер»-деген осы шығар.
Jurman
Талабыңызға нұр жаусын!
naizagai
jurman/yesbolat/jako respect senderge!!!
satirik92
Өмір — тағдыр, тағдыр — сынақ, сынақ — жазмыш, жазмыш иесі Алла. Ал адам қиқым.
AL-ASTER
Соңғы бөлігі әдемі жазылыпты. Мағынасын шебер ұйқастыру мәнері ұнады. Рахмет.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.