Сақта досым, есіңде!

Өмір-басқа, сен-басқа…
Сыймайды екен бір басқа.
Әділдік іздеп әрнеге,
Әуре болыппын мен босқа.

Таба алмайсың төтені,
Болмайды істің бөтені.
Жаралған соң пенде боп,
Бәрі бастан өтеді.

Елеңдеп жоққа, барға да,
Жаныңды оққа жалдама.
Өгейді өзім етем деп,
Өзіңді-өзің алдама.

Ербигенге-есілме,
Еңгигенге тесілме.
Ылди да-өмір,
өр де-өмір.
Сақта досым, есіңде!

14 пікір

Kan
Еңгигенге тесілме."" керемет айтылған сөз. шынымен ойланатын сөз екен
ai-naz
Пікіріңіз үшін рахмет! Мен үшін әр оқырманның пікірі маңызды.
Jako
Мен осы «Еңгиген»-деген сөзге түсіне алмай отыр едім.
ai-naz
Тура мағынасында қабылдасаңыз болады…
Jurman
Не деген қайсар мінез қыз едіңіз)) Жігерлендіретін сөздер екен!
Соңғы өңделген уақыты:
ai-naz
Рахмет!
assiya_nurlybaeva
неткен ғажап сөздер, адамға шабыт сыйлайды екен…
ai-naz
Рахмет! Оқырман жүрегінен орын алғаны үшін қуаныштымын!
Kan
Неге екенін білмеймін айналып келіп өлеңді тағы да оқыдым. Осы бір жыр шумақтарынан бір керемет сезілетіндей жаныма тым жақын дүние.
"Өгейді өзім етем деп,
Өзіңді-өзің алдама." деген сөзің еріксіз ойға батырады екен.

"Өмір-басқа, сен-басқа…" шыныменде түсінген жанға тым терең мағна жатыр осы бір бір ауыз сөзде.

"Әділдік іздеп әрнеге,
Әуре болыппын мен босқа." осы шуақтағы осы сөздер албырт жастығымды көз алдыма алып келді.
ai-naz
Бұл шумақтардың соншалықты жүрегіңізге әсер етуі, мүмкін Сіздің өміріңізде де осы жағдайлар орын алған болар, бәлкім...?! Пікіріңіз үшін алғысым шексіз!
maksimuly
Ылдиdegen sozdin maginasi ne?
satirik92
төмен құлдырау
ai-naz
төмен құлдырау мағынасында қабылдасаңыз болады
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.