Мама, мен ғашық болдым!



Мен бүгін айна алдында сызылдым,
Жанарымды торлап үлгерд қызыл мұң.
Мама, мен ғашық болдым, бұл да бір
Бойжеткені болар, бәлкім, қызыңның.

Сезім жыры – қайталанбас ерек мұң,
Сырласындай болып алдым теректің.
Мама, мен ғашық болдым, алайда
Жалғызыңа тек сен ғана керексің.

Қиялыма тағы жалғыз жортамын,
Кездеседі ауық-ауық шолта мұң.
Мама, мен ғашық болдым, бірақ та
Ол да тастап кете ме деп қорқамын...


Мама, мен ғашық болдым, ұшамын,
Бағытынан адасқандай ұшағым.
Сағынғаннан кей сәттерде өзіңді,
Паналаймын оның жайлы құшағын,
Мама, мен ғашық болдым, тұсалдым…

21 пікір

Jako
Мама, мен ғашық болдым, бірақ та
Ол да тастап кете ме деп қорқамын...
Не дейді көжек, бетім-аййй!))))
didi0393
Oi aga sezimmen oinaityndar bargoi,onyn nesine tandanasyz?
Jibek_soz
көжек па, қоян ба білмедім, әйтеуір депті ғой, түсінген адамға!
yesbolat83
Мына жолдарда:
Мама, мен ғашық болдым, бұл да бір
Бойжеткені болар, бәлкім, қызыңның.
алғаш рет ғашық боп қолған қыз секілді, ал, мына жолдарда:
Мама, мен ғашық болдым, бірақ та
Ол да тастап кете ме деп қорқамын...
алғашқысына қарама-қарсы сияқты.
Jako
Мен де осы жеріне түсінбедім.
Jibek_soz
Кешіріңіз, қыз баласы, соның ішінде есі бар қыз мені тастады деп ешкімге жар салмайды. Менің өлеңімде, анаға айтылған сыр мен сөз. Астарын өзіңіз ұғынарсыз.
semser_soz
Алғаш ғашық болғаны көрініп-ақ тұр. Өлеңнің болмысынан. Ал,
Мама, мен ғашық болдым, бірақ та
Ол да тастап кете ме деп қорқамын… деген жолдар басқа мағынада айтылып тұр…
Jibek_soz
дұрыс түсіндіңіз…
dimash
Мама, мен ғашық болдым, бірақ та
Ол да тастап кете ме деп қорқамын…
жирный етіп қойыпты еще))
Chan
жалпы, сен де ностальгияны көп шеккен адамсың ғой. қалай былай, ақыры подружкасымен кеттің ба?
Jibek_soz
Сіз кімге???
Chan
сен де сондай болып па еді?))жалған өмір-ай десейш.
Jibek_soz
Жоқ, болмады!!! Құдай сақтасын!
Jibek_soz
Ол өкпе, анамды ерте алған тағдырға деген өкпе. Сол сіз айтқан «жирный» сізді сонша толғандырса. Неге соншама таяз ойлайсыздар. Тастап кеткен жігіт емес, анам! Осы ма еді естігіңіз келгені!!!
yesbolat83
Қарындасым, өте тамаша жазылған екен, қалқам. Бастапқыда мен түсінбеген екем.
Jibek_soz
мойнымнан ауыр жүк түскендей, қуаныштымын түсінгеніңізге!
MSHERIMBEK
Сөз жоқ күшті өлең! Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді емес пе)
Jibek_soz
сол сөзді жүректерге жеткізе алмай қанша күн қиналғанымды білсеңіз ғой, еххх…
MSHERIMBEK
бәрі түсінеді ғой :) кейде түр жасап шыға келетін әдеттері бар да бұл жарықтықтардың :)
yesbolat83
Әсіресе, осы жолдары қатты әсер етеді екен, түсінген адамға.
Сағынғаннан кей сәттерде өзіңді,
Паналаймын оның жайлы құшағын,
Ал, мына жолдары:
Мама, мен ғашық болдым, тұсалдым…
))) Тұсалдың енді, бітті, тырп ете алмайсың.
Jibek_soz
))) құдайға шүкір, бар екен ғой мені түсінетіндер!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.