Ештеңе білмес едім

Он алты жасымда
Өзің келіп қасыма
“Танысайық”,-демесең
Мен сені білмес едім.
“Қыдырып шығайық
Таныстық қылайық
Кездесейік”,-демесең
Көзіме ілмес едім.

Тосып алып жолымнан
Көп қысып қолымнан
“Келдіңбе?”-демесең
Көңілімді бермес едім.
Айналып басыда
Айлы аспан астында
“Ғашықпын”,-демесең
Мен ғашық емес едім.

“Қояйық жаттықты
Болайық бақытты
Маған сен”,-демесең
Мен сенмен жүрмес едім.
Ернімнен сүйіп тұрып
“Айрандай ұйып тұрып
Сүйемін”,-демесең
Мен сені сүймес едім.

Пәктігімді айылбастап
Басқамен айырбастап
Жаным сен кетпегенде
Қайғыны білмес едім.
Жүректі қанға малып
Кетпейтін таңба салып
Жаным сен кетпегенде
Кайғыны білмес едім.

Өзімді кұлкілі етіп
Төрт тамды кұркіретіп
Басқаға сен кетпесең
Жылауды білмес едім.
Алғкшқы махаббатым
Ең ауыр жарақатым
Егер сен болмағанда
Сүюді білмес едім.

Жанымды тәнті етіп
Мәңгіге ант етіп
“Жүрейік”,-демесең
Мен қайта сүймес едім
Мән-жәйді айтып беріп
Қасыма қайтып келіп
“Шын сүйдім”,-демесең
Мен өмір сұрмес едім.

6 пікір

geofizik_001
Пәктігімді айылбастап сосын Төрт тамды кұркіретіп деген тіркестер не мағына білдіреді?
gulmyra
Пәктігімді айылбастап — ол ештене ойламай, кам кайгысыз журген шакта ол келип бар санамды жаулап алды, таза журегиме шимай тусты дегенди билдиреди. Төрт тамды кұркіретіп — ол болменин торт керегесин торт там деп атайды, онымен айрылыскан шакта болмемнеш шыкпай жылый беретинмин, жылагандагы дауысымды солай куркиреп деген созбен жеткизгим келген, ягни менин жалаган дауысым болмемди жангыртты деген маганада. сурагынызга рахмет.
maulen
Өлеңін антонимдік сарында жазылған сынайлығы ғой?
gulmyra
жок себеп салдарга байланысты жазылган, мысалга: сен солай етпегенде, мен ойтпес едим деген сякты…
AKA
Мынаны қара сөзбен жақсылап жазып шығуға болар еді…
Пы.Сы. Поэзия сайты емес қой, қарақтарым?! Анда-санда біз сияқты қарапайымдарға қара сөзбен бірдеңе жазып тұрыңыздаршы а?!
gulmyra
«Поэзия менімен егізбедің» болгына жариялаған едім, қара сөзбен бірдеңе жазғым келед, бірақ ол менің кемшілігім, жаксы жазба жаза алмадым…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.