Шәмші саздың сақасы.

Бір Алланың арқасы.
Елінің тиген батасы.
Жаныңды әнмен тербеген,
Шәмші саздың сақасы.

Бойыңды ырғап елттетін.
Көңілдің сырын шертетін.
Сыйқырлы сазды әуені,
Жүрекке келіп жететін.

Сазына ақын жыр қосып.
Ерекше жаңа үн тосып.
Шабыттан туған өлеңдер,
Мәңгілікте жүр жосып.

Сазгердің әні өлмейді.
Қасиетін еш бермейді.
Сағынып әнін айтқанмен,
Шәмші қайтып келмейді.

3 пікір

qyrmyzy
Талай ән жазылатын еді-ау… Осы әні қатты ұнайды:)
qyrmyzy
Мына әні де керемет:
AKA
Оххх, Бекжан Тұрыс, тамаша ойнайды ғой, шіркін…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.