Мүмкін бір кұн...

Тағдыр жәйлі бір тақырып қозғасам,
Мүмкін бір кұн мен өзіңмен қоштасам.
Мүмкін бір күн сырымды айтып досқа тән,
Қол алысып мен өзіңмен достасам.
Мүмкін бір кұн бақытты боп өзіңмен,
Махаббаттың айдынында қолдасам.

Жолдар басып болашақта сан қилы,
Мұңаяды кейде жүрек шалқиды.
Бір өзіңнен айырылған от жүрек,
Бүгін қатса мүмкін ертең балқиды.

Бүгін мені менсінбеген шығарсың!?
Мүмкін ертең сағыныштан жыларсың.
Тағдыр деген кейде суық, кейде ыстық,
Бабына көндігерсің, шыдарсың.
Сол тағдырдан талай-талай құларсың,
Мүмкін бір кұн оның бәрін жығарсың.
Сонда отырып мені есіңе аларсың,
Мүмкін, мүмкін өйтпейтінде шығарсың!

4 пікір

  • qyrmyzy
  • 0
Қоштасуды, әдемі қоштасуды үйрену керек. Қоштастың ба, ол сенің өміріңдегі өз рөлін ойнап кетті, бітті. Жіберу керек.
  • qyrmyzy
  • 0
avatar
  • Kan
  • 0
кұн" несі қателестіңіз бе бірнеше рет әлде бірнеше рет әдейі жаздыңыз ба?
жалпы өлең жақсы жазылған
Жақсы өлең, тек техникалық қателер болмаса…
Бүгін мені менсінбеген шығарсың!?
Мүмкін ертең сағыныштан жыларсың.
ОСЫ ЖОЛДАРЫ ҚАТТЫ ҰНАДЫ!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.