Махаббат

Махаббат — ақылы жоқ мас қылар,
Кейде көзді сарқылмайтын жас қылар.
Махаббат — екі досты қос қылса,
Кейде оларды бір біріне қас қылар.

Махаббат — улы сұр жыландай,
Шағып алса кетпес жанды шығармай.
Махаббат — көшкен бұлттың жауыны,
Ада-күде жауып өте шағардай.

Махаббат — жауған дала ақ қары,
Жұқпаған аяқтпрдың таптары.
Махаббат — ғашықтардың қолдасып,
Көңілді бірге жүрген шақтары.

Махаббат — ағаштың жас бүрлері,
Әлі жасыл қуармаған түрлері.
Махаббат — жүректердің сүйгені,
Ұмытуға шешімі жоқ күрделі.

Махаббат — қарны ашса ас қалар,
Жолбарыстай тұра сені бас салар.
Махаббат — біреу үшін зор бақыт,
Біреу үшін күресіндей тасталар.

Махаббат -сүюді таймас серт қылар,
Мүмкін бір күн өкіндіріп мерт қылар.
Махаббат — сүймейтінді сүйдіріп,
Жүрегіңе айықпайтын дерт қылар.

Құрастырар тілім-тілім қиқымды,
Махаббат — міне осындай сыйқырлы.
Бірде сені ең әдемі көрсетсе,
Бірде сенің бүлдіреді сыйқыңды.

11 пікір

AKA
«Мүшәйра апталығы» ме еді осы апта?! Өлең әлсіз, ұнамады.
Ademi
Мүшәйра апталығы басталып, аяқталып, басталып, аяқталып, қайта басталып, аяқталватыр.
gulmyra
мүмкін Өлең әлсіз емес сіз түсіне алмаған шығарсыз...«Мүшәйра апталығы» болса ғана Өлең жариялау керек деп ешкім ескертпеді, сосын «Поэзия менімен егізбедің» болгына жариялаған едім, қара сөзбенде көбі жазба жарияладығо, біреу "қара сөз апталығыма?" деп сұраған жоқ шығар-ау, жазба жазғаным үшін кінәлағаныңыз енді артықтау…
AKA
Жә енді…
Алдымен пікіріңізді маған бағыттап жазғаныңыз абзал. Мен түсінбесем, «түсінбедім» деп жазар едім, сондықтан «мүмкін, бәлкім?!» деген әңгіме өтпейді. Маған қай блогқа жазылғаны маңызды емес, себебі жазбаға қатысты блогқа салып отыру қолданушының міндетіне кіреді, ал мен жазбаға мән беремін. Қорытындылай келе, сізді кінәлайтындай ештеңе жазбаған сияқты ем, әлде әр сынға осындай реакция беретін бе едіңіз?! Онда мынадай өлеңдеріңізбен талай күйіп-жанып, сөніп-лаулап отыруыңызға тура келеді.
gulmyra
мынадай өлеңдеріммен талай күйіп-жанып, сөніп-лаулап отыруыма тура келетіндіктен жане әр сынға осындай реакция беріп отырмас үшін блогтан кеткенім жөн сияқты… шыгармаларынызга табыс тілеймін!!!!:-))
jalyn
gulmyra өлеңдерің қатты ұнаушы еді. Мынау онша емес екен. Ұйқас қуалап кеткен сияқтысың.
Jako
Жұқпаған аяқтпрдың таптары.
Махаббат — қарны ашса ас қалар,
Махаббат -сүюді таймас серт қылар,
Мына тіркестерге түсінбедім.Ренжіме сіздің сын айтқанды ұнатпайтыныңызды білсем де пікір жазуға тура келді.
gulmyra
сау болыныздар, барлыктарынызга шыгармашылык табыс тилеймин!!!
AKA
Сыни пікірлерге шыдас бермегеніңіз бе?! Әлде барлық жазбаларыңызды төмен бағалағаныңыз ба бұл? Қызық, сіздің орныңызда болсам басқа бағдар таңдар едім…
Jako
gulmyra, ренжітіп алсам кешіріңіз, шын мәнінде түсінбегендіктен сұрадым.Жалпы өлеңдеріңізді үзбей оқып отырамын.Асығыс шешім қабылдамауыңызды қалар едім.
kaisar-bek
Гулмира өлеңіңді оқыдым. Мағынасы бар… қай жағынан дейсің бе? Қыздың махаббаттан көңілі қалудан туған, бір ащы ызамен жазылған дүние. Мұндай нәрсеге қатты сын айтуға болмайды, түсіну керек. Қара көз қыздарымыздың жан-дүниесін түсіне алмасақ атымызға сын емес пе?! Ал, жалпы махаббат атты тақырыпты жеке бастың қиындықтарымен шатыстыруға болмайды. Осы арада біраз жаңылысу бар, сіз сол бір жағдайға жеке өлең шығарғанда әлдеқайда ұтымды өлең шығар еді. Ал махаббат та, ақындық сияқты, көп адам шыға бермейтін биік болып қала береді…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.