Өзгеліксің...

Өзгеліксің
Жат болған жандармыз ендi бiздер,
Көңiлсiз өтпек мәңгi күзгi күндер.
Жақыным деп жаныма балап едiм,
Өткенiм боп, артымда қала бердiң.
Өмiр осы орта көңiл, жарты жүрек,
Алдамшы үмiт, толассыз тағы тiлек!
Өмiр осы қаптаған сынақтары,
Таусылмас жауабы жоқ сұрақтары.
Бақытты бол, кiр шалмасын көңiлiң,
Өзгелiксiң, күрмеуi сол өмiрдiң!

4 пікір

VVVWWW
Өтінем, енді өлең жазбай-ақ қойыңызшы!!! (бүкіл поэзия сүйер қауымның атынан)
Мүмкін басқа өнерде бағыңызды сынап көрерсіз (сурет саларсыз, би билейсіз бе, тіпті кино түсіресіз бе), тек қана поэзия ғана емес қой дегенім ғой (шын көңілмен өтінеміз)
Соңғы өңделген уақыты:
AKA
Уа, VVVWWW , тілегімізді қабыл етіп, бізді мына сылбырлықтан сақта!
semser_soz
Пікіріңізге алғыс айтамын. Күлкіңіздің астында не жатқанын да ұқтым. Бірақ, тілекті Қадір түні тілерсіз. РАХМЕТ!!!
semser_soz
Пікіріңіз әрине маңызды. Алғыс та айтам, кіріп, оқып шыққаныңызға. Бірақ, бір ғана сіз бүкіл поэзия сүйер қауымның атын жамылып жазбай-ақ қойыңызшы…
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.