Сағындым сені

Сағындым сені, сағындым сол күндерді
Сағындым жаным, сүйем деп айтқан сөздерді,
Сағындым жаным күлімдеген көзіңді
Маған қарап айтқан әрбір сөзіңді…

Шын жүректен сүйеді екем өзіңді
Балдай тәтті мөлдір тұнық көзіңді
Ашуланып, қанша қапа болсамда
Жүрегімде сақтап жүрмін өзіңді.

Сағынамын өзіңді шын жүректен,
Жүрегім бар, сені корсе, дір еткен.
Сағынамын сағынамын өзіңді
Умытпаймын суйем деген созинди…

20 пікір

AKA
((((((((((: Ұжыс!
Саныныш
qyrmyzy
Умытпаймын суйем деген созинди…
eclipse9
Көп шілік пікірлер құсап «кереметтің» кемесіне мінгізбей, шындықтың шылымын тұтатып тұрып шырылдатар едім. Әттең, қыз қылып құйылған мүсініңе алғыс айт! Сөзімді қысқа сабақтар болсам (Ұят!)
Jado
Әркім санасына сыйғанын жеткізеді… Шындықтың шылымын тұтатпай тұрып ақ айтқаның жөн болды…
qyrmyzy
қыз қылып құйылған мүсініңе алғыс айт!
не деген сөздер?! Қарындасыңыз ғой. Тіпті махаббатқа келгенде адам өз-өзіне ие бола алмайды емес пе?! Жігітіне барып айтып тұрған жоқ қой. Олай жиіркеніп сынағаныңыз несі?
Соңғы өңделген уақыты:
eclipse9
Қанша жанның қаламынан туған мардымсыз дүниесіне сын-қылышымның ұшын сермесемде, қылықты қызды қызықсыз жазбасына бола құрықтауды жөн деп таппадым. Сіз олай араға от жаққыштардың рөлін сомдамай-ақ қойңыз!
yesbolat83
Меніңше, тәуір-ақ жазылған секілді бұл өлең. Сүйіктісіне деген сағыныш, қанша реніш болса да бәрібір оған деген сезімінің пәктігі, тағы да сағыныш…
Kan
Неге ұят? Соншама көшеде арын сатқандарды меңзегендей менсінбеуіңе жол болсын. Жазғысы келді жазды онда тұрған не бар. Жазды екендеп жақтырмай, жиіркене сөйлеудің не қажеті бар. Жігіт болсаң жігіттігіңді сездіріп сыныңды ашық, басып жазбайсың ба?
AKA
Өз пікірін жазу мүмкіндігін шектемеңіз. Сіз сияқты ол да өлең турасында өз пікірін айтты.
qyrmyzy
кейбір копипаст жазбаларға қарағанда өз туындысын салғаны үшін рахмет айтуға тура келеді.
Rayana
Жалпы, бұл өлеңді тек өз қойын кітапшаңызға жазып, анда-санда өзіңіз оқып сүйіктіңізді еске алып тұруға жарайтын шығар.ОЛ сіздің жүрегіңіздің үні екенін түсінем, деседе оқырманға ұсыну үшін біраз жөндеген дұрыс секілді… Ренжімеңізші.?
akmaral_toktagulova
Winindada tuzetetin jerleri kop eken. Eger siz kundelik jazatin bolsaniz osi olendi sol koin kitapwanizga jazip koiu kerek wigar
Kan
өлең бір сарынды,ұнамсыз ұйқастармен жазылған. оқыған көзге олақ, естіген құлаққа шолақ. Былайша сөздері орынды қарапайым адам сезімінің тұрақты құбылыстарын жаза білгенсіз. Есіңізде болсын өлең ұйқасымен ұнамбы болады. Сөздерімен мағналы болмақ.
qyrmyzy
Өлең авторына!
Айтылған сындарға бола тоныңызды айналдырып кие көрмеңіз. Иә, қыз жүрегінен шыққан өлең. Түсінеміз жағдайды. Алайда мұнда әртүрлі жастағы қолданушылар бар. Қанша қолданушы болса, сонша пікір бар деген сөз. Сондықтан жазба жазар алдында оқырманыма не бере аламын деген сұрақты өзіңізге қойғаныңыз дұрыс болар.
Ал былай өлеңізіңдің айтқысы келген ойы дұрыс, бірақ өлең сәтсіз шыққан. Прозаға көшем десеңіз, мына , мына блогтарға жазба жазуыңызға болады. Әпкелік пікірімді сын деп қабылдамаңыз. Рахмет!
akma
Пікірлеріңізге рахмет
satirik92
Тырысып көріңіз бәрі осыдан бастаған емес пе?
AshTrollToqTrollmenOinamaide
Егер сіздер өлеңді жаттап, үш шумаққа бір дем беріп, әрбір сөз арасында посттын басты суретіндегі қызға бір қарап қойып, артындағы фонға бір қарап қойып, мағынасына терең үңіліп дауыстап айтсаңыздар, біткеннен кейін көздеріңізді жұмған сәтте тағы жасырын 10 шумақты көрер едіңіздер, ол енді нағыз шедебр, сөзсіз туынды. Автор соны сездіргісі келді деп ойлаймын. Көп адам түсіне бермейтін суреттер сияқты, бұл да солай. Ал сіздер болса…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.