Шорқақ бейне

Жетімді қолы,
Кең оның жолы,
Төбеде болса бауыры.
Басында түк жоқ,
Ойында бүр жоқ,
Мамықта отыр жауыры.
Билікте бар ғой танысы,
Сол болды алар тынысы.

Қампайып қарны,
Қиналып жаны,
Көз ілмей түнде шерінен.
Қу уайым билеп,
Ақшасын илеп,
Қалардай түсіп шенінен.
Жүрегі үдеп соғады,
Үреймен балпаң қағады.

Тауыпты епті,
Халықты жепті,
Қарғыспен сүріп өмірін.
Сайранды салды,
Дәулеттен талды,
Ібіліс түртіп көңілін.
Араны қатты ашылып,
Отыра алмас басылыпю

Беріпті уәде,
Болыпты бәле,
Халықты қатты тоздырып.
Ойлап өз басын,
Төгіп ел жасынб
Шайтанды басқа қондырыпю
Білмейді олар қанағат,
Сүреді болып жаман ат.

Бағалап затты,
Дәмінде татты,
Үйреніп соған құнықты.
Тойса да көзіб
Әлі аш көзі,
Ісіде құры былықты.
Қадамын теріс басыпты,
Күнәсі шектен асыпты.

Кәдеге жарап,
Жүрмесе қанапб
Көк аспан жерге түсеме?
Істесе ізгі,
Жоғалтса кірді,
Мазақ қып біреу күлеме?
Білгені ылғи надандық;
Білеме бұлар адалдық?

Жақтаса ақты,
Ұрандап хақты,
Білімді қолдап құптаса?
Ойламай өзін,
Білдіріп төзім,
Жемқорлықты жоғалтса?
Өмірден олар ұтылып,
Қалама күні тұтылып?

Жинаса білім,
Шарықтар тілім,
Ұлтжанды болса шенеулік.
Өзімшілдікпен,
Менменшілдікпен,
Ағайын міне белдестік.
Бұларды шетке ысырып,
Қайтеді жүрсек доғарып?!

3 пікір

satirik92
Пікір қалдырыңыздар! Рахмет!!!
Karlen
Саған рахмет! Ұнады жалғастыра бер осылай! Айтаберге көптен бері кірмей жүр едім. Сенің өлеңіңе пікір жазайын деп арнайы кіріп отырған жайым бар. Сәттілік.
AKA
Ой ұнады, өлең ұнамады. Шылау мен жалғауды айыра білу керек, қателер жеткілікті.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.