Қастық


Басымда қастық,
Иманға бастық,
Шетінен ылғи бақсылық.
Адасып барып,
Iшінде қалып,
Әкелмес ешбір жақсылық.
Құртады бұлар ұрпақты,
Көшеде ашып жын бақты.

Қасиет бар деп,
Ерекше жан деп,
Өзіне тартып адамды.
Боласын бақсы,
Өзіңе жақсы,
Деп мақтап қойып наданды.
Харамға кетсе бұрылып,
Алланы кетер ұмытып.

Аруақ келді,
Таңдады сені,
Деп жалған айтып сендірер.
Аруақ жын ғой,
Бұлда бір сын ғой,
Өткен пенде жеңілдер.
Серікті қосып Аллаға,
Жол салып берер тозаққа.

Қабірге барып,
Ақтықты салып,
Батаны тыңдап жындардан.
Сойдырып қойды,
Жасатып қойдыi,
Жымқырып ақша қалтадан.
Тоқтатар қашан сұмдарды,
Сейілтіп үлкен тұманды.

Серікті қосып,
Ерікті болып,
Адастырып халықтыi.
Тиымды білмей,
Жиылып білмей,
Қарашалар іштей тыныпты.
Бұрмалап таза құранды,
Құлатар ұшқан құстарды…

2 пікір

satirik92
Пікір қалдырыңыздар!!! Рахмет!!!
ai-naz
Жастарға сабақ болар дүние екен! Жазарыңыз көп болғай!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.