Ойлап көргің

Әлемді бұлт басқанды,
Аппаттармен толтырып.
Адам адамнан жасқанды,
Жалғыздықтан тоңдырып.
Ағаш бүршік атқанды,
Бұлбұлды да қондырып.
Адам өзі шаққанды,
Жөндемес-ау оңдырып.

Жер ананы тонапты,
Томақсау келген адамдар.
Табиғат көп шыдапты,
Білмейді ғой надандар,
Қанағат пен ынсапты.
Ылғи шалыс қадамдар,
Сондықтанда қысапты,
Қасиетті бабалар.

Жамандықты өндіріп,
Жаратылысты ластады.
Жүректерді көндіріп,
Харамдыққа бастады.
Жаһанды да бүлдіріп,
Қараңды да қостады.
Арамдықпен күлдіріп,
Шайтанды да тоспады.

Бұны адам жасады,
Байлықпенен жарысып.
Бірінен бірі асады,
Өзді өзді алысып.
Бірін-бірі басады,
Ібіліспен ымдасып.
Өз досына қосады,
Харап болып ұласып.

Қаншалықты айтайын?
Өзгерелік жамағат!
Қанша уақыт баптайын?
Барға қыл деп қанағат.
Қанша күшті салайын?
Төгу үшін шапағат.
Енді менде қайтайын,
Ойлап көргің шамалап!

2 пікір

satirik92
Пікір қалдырыңыздар!!! Рахмет!!!
AraiArai
«Енді менде қайтайын,
Ойлап көргің шамалап!»
Қазіргі таңдағы күйбен тіршілігіміздің бейнесі.Қаламын ұшталмасын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.