Қоғам мен халқым

Қоғамым қатпар,
Не қилы зат бар,
Қалың шөп жасыл орманды.
Сан түрлі аңмен,
Тозаңды шаңмен,
Теңізі терең шортаңды.
Тырнағы қылыш сыңайлы,
Теріні тіле қырнайды.

Орманда қасқыр,
Арыстан тақсыр,
Екі жыртқыш бірігіп.
Тыныш жоқ жанға
Малынып қанға,
Үнсіз орман дүрлігіп.
Арыстан қойып бұтақты,
Талайын қасқыр құлатты.

Бұқара үндеп,
Өмірі гүлдеп,
Құдайға айтып мадақты.
Қайратты қайрап,
Топталып айдап,
Сұмдарды торға қамапты.
Орман алып тынысты,
Сыйлады Алла ырысты.



Қарамай ептеп,
Қара жер шөптеп,
Көшеттер шіріп егілмей.
Шырмауық торлап,
Қурапты бұл бақ,
Арыққа суын жібермей.
Егінші өзі сөлекет,
Өнім бермес бәлекет.

Егінім мылқау,
Халығым аңқау,
Жабулы қазан жабулы.
Орнын тауып,
Төндіріп қауіп,
Кезеді аштық қаруын.
Жұтуға тапшы түкірік,
Ысқырып іште үскірік.

Сансыз көп кіртің,
Ашсақ қой кілтін,
Иманды қойсақ бас қылып,
Жыртықты көріп,
Жамауын тігіп,
Еңбекті көрсек асырып.
Ұрпақ өніп көгерер,
Туымды асқақ көтерер!!!

5 пікір

Kan
Құдайау тамаша туынды ғой. Абайға еліктеп жазғаныңнан айналайын. Мен тіміскілем мін іздейақ қояйын сағын сынбасын. Айтседе жөндейтін жерлері бар ойлан,қара. Кетемет
satirik92
Rahmet sizge!!! Mumkin bolsa baska wigarmalarimdi da karap wiginizwi?1 Jane kemwiligimdi aytsa niz?!
Kan
Әрине қарап шығамын бүгін жұмыстан қол тимей жатыр. Міндетті тұрде бар шығармаңа пікір қалдыратын боламын
satirik92
Өзгерттім қайта оқып көріңіз!!!
satirik92
Пікір қалдырыңыздар!!! Рахмет!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.