Жайығым

Орал тауынан бастау алған жайығым,
Сенің мөлдір нәрлі суыңа байыдым.
Орал тауынан сонау Каспий маңына,
Жүзіп өткен талай-талай қайығым

Ақжайығым ауылымның көркісің,
Ақ суыңды ішкен, адам, аң-құсың.
Өмір бойы сен сарқырап аға бер,
Армандарға жетелесін ағысың.

Қыста мұз боп, жазда мөлдір ғажапсың.
Басқа өзеннен сенде кем боп қалмассың!
Кең дариға, қара жердің төсінде,
Өмір бойы сен сарқырап ағарсың

Авторы: Сағыныш Айдынғалиұлы

2 пікір

korwinin_kyzy
Жайықтан өлген адам шығарып алғаным есіме түсіп кетті
Chan
кішкентай кезімде батып кетуге сәл қалдым, опасян, алдыңғы жылы малибуға зорға түстім. сарайшыққа нағашыларым апарды кәдімгі таза ауада склеттердің музейі, шашылып жатыр сүйектер.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.