Су пері

Тереземді сырт-сырт қаққан тамшыдан
Жаңбырменен келіп тұрған қайсы жан
Еліктейін көкке кеткен түнерген
Жаңбыр арты айналдың-ау буға арман
Серпіл сергек көңілімді суарған
Оралмайсың сол бір арман қайтадан
Буланған су қайта жерге түспейме
Сіркіреген жаңбыр болып айналған
Неғылайын бу боп кеткен арманды
Ол арманым ұмыт болып қалғанды
Тамашалап сұр көшені, жауынды
Суйсінемін, суйе түсем Қаламды
Келіп тұрғын жаңбырменен жұмбақ жан
Шаршамайын,өлең жолын арнаудан
Келсең егер кешкі жауған жаңбырмен
Қарсы алайын қарауменен, тереземнің алдынан
Сонда бөтен-өзгелерің кектенбе
Көңіл қойып тыңдамасам егерде
Жаңбырды аңсап отырғаным оралмас
Су боп жатқан көше менің есімде
Дымқыл самал қара жердің исімен
Аяланып кеудем тыныс алады
Жан-жағымда құлпыра түскен дүние
Көз айымым, жанарды алып барады
Жаңбырменен бір жасарған әлеммім
Несібелі болды тағы бұл елің
Тазалықты жаңбыр жерге тарту ет
Көк пен жердің жалғауы еткен Сәлемін!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.