Алты аяқ

Алты аяқ,
Жаныма таяп,
Қайғым менің сейілді.
Оқып көзсіз,
Сөйлеп тілсіз,
Қара жұртым кейіді.

Абай ұстаз,
Тағдыры тұстас,
Ешбір адам түсінбей.
Шәкәрім пірім,
Ұқсаған тілім,
Ол жүрмепті гүрсінбей…

Жүрек біліп,
Тілім тіліп,
Қараны еш ақ демеспін.
Теріп жеміс,
Егіп егіс,
Ақшаны еш бақ демеспін.

Басқан ірің,
Қорқар тірің,
Алла жазып тағдырды.
Шайтан қасым,
Төгіп жасын,
Тізерлеп тұрып ақырды.

Өмір қайрақ,
Жүзін қайрап,
Зілзала сілкіп мың апат.
Иман досым,
Адам қосым,
Кел бері бірге шыдап бақ?!

Үш рет өліп,
Үш рет өніп,
Аллаға айттым шүкірлік.
Іштегі айхай,
Жаныма батпай,
Тілге берді өткірлік.

Қолым қалам,
Жазып алам,
Қуанам халқым оқыса.
Сипамай бетін,
Ақтарып етін,
Жүрекке терең тоқыса?!
ТӨРЕХАН Арыстан

17 пікір

zhurttyn_balasy
Әрине мен бұндай стандартты емес шумақтарды талқылайтын, сыншысы емеспін, дегенмен мына смайликті салып кетуге хақым бар
satirik92
бұның мағына не?
satirik92
айтсаңшы?
zhurttyn_balasy
менің айкюім жетпеді амиго, бұл туындыны сіміріп сіңіруге
satirik92
ӨЗ ОЙЫМНЫҢ БЕЙНЕСІ, АЛТЫ АЯҚТЫ ЕНДІ ҒАНА ҮЙРЕНІП КЕЛЕМ. СОЛ СЕБЕПТІ КЕШІР.
zhurttyn_balasy
Жұрттың баласына «капсить» еткеніңе қарағанда, бір шынтағым тиіп кетті ау. Не ма, дым ренжімегін сатірік мырза. Кешірім сұрайтын да орның емес. Жұрттың баласы алты аяқтан бихабар омыртқалы сүтқоректі деп қабылда жәй ғана. Творчестволық табыс тілеймін деп бітірейін!
satirik92
Онда тағы рахмет. Үйде қамалып топырақты тырнықпен тырнап оқысаң түсінесің.
zhurttyn_balasy
Күрегіңіз жоқ па? Зашым тырнақпен?
satirik92
Үлкенсің бе? кішкенесің бе? білмейм. Өліп, қайтадан тіріліп көр.
zhurttyn_balasy
92 болсаң үлкенмін.
Жарайды амиго, әңгіменің қай жаққа бұрылып бара жатқанын сезіп отырмын. Сау бол!
satirik92
Аға тек кемшілікті неге айтпадыңыз сол қызықта. Жиырмадамын. Мүмкін баламын, бірақ, білгенім аз, көргенім көп. Сіз кемшілікті айтыңыз жөндеймін. сіз ойлаған жаққа бұрмадым ау осы?
zhurttyn_balasy
Бұл туындыңызда мін жоқ, тамаша!
Жоғарыдағы жазғандарымды жұрттың баласының таза субъективті, біржақты, алысқа барматын пікірі деп қабылдай салш.
білгенім аз, көргенім көп.
Дәл жұрттың баласы ойлаған жаққа бұрылып бара жатыр әңгіме
Адьёс амиго!
satirik92
сөйлеу жағынан сізден айнымайтын «ақылгөйді» білуші ем.
zhurttyn_balasy
"«“ақылгөйді”»" деңіз
geofizik_001
Оқып көзсіз,
Сөйлеп тілсіз,
Қара жұртым кейіді-деген жолыңда не айтқың келгенін түсінбедім. Жалпы, жақсы жазылған, бірақ кез келген оқырман түсіне қояды деп ойламаймын, тереңірек мағынасы.Сол үшін қит еткенге қырсық пікір білдіріп отыратындар абден сынайды, тек жасыма.
satirik92
рахмет. бұл жолдар көкірекпен емес көзбен көрентіндерге.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.