Ғашығыма сыр...

Ғашығыма сыр…

Сен үндемесең шығады жаным,
Мұңаюменен өтемін.
Қызғанғанымда тулайды қаным,
Әлемге сыймай кетемін.

Өзіңе деген құмарым қанбай,
Жүремін сені сағынып.
Ал, сенің маған сезімің қандай?
Кетпесең болды жалығып!

Менімен емес, өзгемен болсаң,
Жоғалтудан рас, қорқамын.
Өзіңмен бірге бақытты болсам
Сен гүлдететін ортаның.

Ойнама жаным, сезімімменен
Болмасын кейін өкініш.
Армандап тұрып сұранам сенен:
Бақытты қылшы, өтініш!

Берген сертіңнене жаным таймағын,
Жазсыншы Алла қосуға.
Мен саған мәңгі жіпсіз байландым
«Ғашықтық» деген осы ма?

4 пікір

didi0393
маган кааааааатты унады…
может у самой такое чувство в данный момент
aktrisa_e
ұнағанына қуаныштымын!!!
dimash
«сұранам» Қ.Нұртастың өленіне ұқсап кетіпті))
aktrisa_e
«Армандап тұрып, сұранам сенен:
Бақытты қылшы өтініш»
-деген жолдары ғана болмаса… Және бұл өлең Қайраттың әнінен бұрындары шыққан. Және де Қайрат Нұртас айтып жүрген «Сұранамын» әні қазақтың әні еместігін атап өткім келеді. Түп негізінде қырғыз әні.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.