Көз бен көңіл үшін

Көзімнен кетсең де, көңілде сақталдың,
Сауықпас дерт пе едің?
Мендегі жүректi өзіңмен ап калдың,
Өзектi өртеген өрт пе едің?

Сен жоқсың, мен мұнда жалғызбын,
Бакыты боламайын калай мен?
Жандарын ұққанмен бар қыздың,
Шалындым, жығылдым талай мен!

Жан жағым толғанмен пендеге,
Бәрі де жасандық жамылған.
Жазылмас жарамды емдеме.
Сен үшін жоқ болып табылғам.

Алдасын, арбасын бір мені,
Мен енді ешкімді алдаман.
Бақытты әз өмір сүр енді,
Сен жоқта бұл жерде барма мән?!

10 пікір

korwinin_kyzy
Жылауық ақынсын ҒЕНЖІМЕ)))))))))))))))))) ПАСТАЯННЫ ЖЫЛАЙСЫНДА ЖҮРЕСІН)))))
Соңғы өңделген уақыты:
maulen
Күлегеш ақынды бұрын соңды коріп пе едіңіз? (неге ренжиін?!)
korwinin_kyzy
месаған күл деп жатқан жоқпын))) просто жыламаш а?
maulen
«Аш бала тоқ баламен ойнамайды» апкесі сізбен толықтай келісемін және жай ғана жыламауға тырысармын, рахмет!!!
qyrmyzy
Романтик інім -ай
maulen
Осы романтика…
Jurman
Жарайсың бауырым ықыласың мен қыз затына деген адалдығыңа ризамын! Мұны жылау деп ұққандар өзі білсін.Дұрыс, жігіт қызға қарағанда қайратты болуы керек. Бірақ мұны қызбаланың айтуы шарт емес!
maulen
Рахмет бауырым, арулар көбіне жырлаушы емес, жырланушы ғой))))
Kan
Мен кейде сенің өлеңдеріңе қызығада,қызғанада қараймын. Өзім махаббат туралы өлең жазудан қалғалы қашан.
maulen
«Алдыңғы арбаның дөңгелегі қалай жүрсе, артқы дөңгелек те солай жүреті» сіздерден үлгі аламыз ғой…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.