Аллаһтың құдіреті

Cүрінгенде түзу жолдан біз жақсылап,
« Аллаһ» дейміз қол жайып, жыламсырап.
Жаман істі өзіміз жасаймыз да,
Зар қағамыз «Аллаһтың» мазасын ап.

Аллаһ пана, қуғанға, қашқанда,
Аллаһ түсер ауызға сасқандада.
Аллаһ пана әйтеуір адам түгіл,
Кеудесінде жаны бар басқа да.

Аллаһтың құдіретін біле тұрып,
Түзу жолмен жүрмейміз бұратыла.
Шүкір етіп, қамқорына тәубе демей,
Жылы сөз, еш айтпаймыз бір атына.

24 пікір

VVVWWW
Бұл не, Өлең бе не?
ai-naz
Сіздің ше не нәрсе болуы мүмкін?
VVVWWW
Соны түсіне алмай жатырғаным
ai-naz
Түсіне алмайтындай дәнеңесі жоқ секілді…
satirik92
Сауаптан болсын!!! Бірақ мынадан әдемі жазуға болатын еді…
ai-naz
Әрине, бұл туындының да жазылғанына да бірнеше жылдың жүзі болыпты… Ескі өлеңдерімді бүгін қарап отырып. осындағы тақырыптарға сәйкес болғандықтан жолдаған едім…
satirik92
екінші шумақта "әйтеуірі" сол пендешіліктің сипаты. Бұл сөзді мүлдем қосудың қажеті жоқ.
Kan
Зар қағамыз «Аллаһтың» мазасын ап""" мына сөзден кейін әрі оқымадым. Аллаһты ешкім мазалай алмайды. Алланың құдіретін олай таяз ойлауға болмайды
zhomart
мағынасына терең бойлаңыз)
satirik92
мына сөзің дұрыс.
Kan
Дінде сөз өті маңызды рөл алады. Көршінің қызы жақсы айтып кетті
korwinin_kyzy
Кан мырза сізбен келісем
satirik92
Айтылуында ағаттық бар. Бірақ ең бастысы ниетте емес пе?
korwinin_kyzy
да брось))
satirik92
оныңда дүрыс. Келісем.
korwinin_kyzy
Бро түсінем ниетте бірақ Құдайға қатысты андай сөздерді қолдануға болмайды емеспе? Ашейн тұрмыстық өлен болса екен любой сөзді қолдана берсін
Ал бірақ дін жайында болғасын екі шұқып бір қарап жазу керек
satirik92
өте дұрыс. Менің осы тақырыпқа жазған өлеңіме пікіріңді қалдырып кетші аха?
korwinin_kyzy
басқа да жоскы жоскы сыншылар бар бұл сайтта соларға жолықсай)))))
satirik92
Ондай сыншыдан көрі сөзі қисық болса да ойы түзу сенен сын алғаным тәуір!
Korkem
басың істит сенің
jalyn
Ниет жақсы! бірақ сөз ойдың өрнегі бола алмаған сыңайлы
ai-naz
Пікірлеріңізге көп рахмет! Әрине сындарыңызды қабылдаймын…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.