Ислам төбе, сабыр көбе

Айқай салған жүрек түпте мұратым,
Имандық пен сезімдерден тұратын.
Рухым ынтық, үмми Құран сөзіне,
Әлиф ләм мим ұлықтаулар құратын.

Ана сөзі мәрмәр тастан құн артық,
Иман кілті тәрбиеден құнартып.
Сала, сала тоғысыпты мүйісте,
Ділдә сөздер, ділмәр тілден жол тартып.

Сынақ қонар рұқсат, шешім сұратып,
Санаға кеп Ислам мөлдір тұнатын.
Құрғақ шөлейт, сар топырақ боранда,
Бұлақ атар аузын тапсаң шығатын.

Ислам төбе, сабыр көбе болаттан,
Ілім тапса бүтін шығар шолақтан.
Ілім теріп, қорыта ой ғылым тап,
Ілімменен кірпіш тізе қалап там.

Құлап, сасып адасқанша шараптан,
Сауап жина жалғыз раббың Әл-хақтан.
Бірінші боп қадам жаса сауапқа,
Қолдар алты періште де жан-жақтан.
Жарық өмір, жарқын көңіл жаратқан,
Жасыл жерді, теңіз көлді жаратқан.
Алла жалғыз, Алла ұлық, шебер ол,
Топырақтан жылы өңді жаратқан!
ТӨРЕХАН Арыстан

16 пікір

tolkinjan93
keremet olen eken. Alla razy bolsin, kalaminiz uwtala bersin!
Erkesha
Иә, керемет.
satirik92
Сағанда рахмет!
Kan
О О О өлеңің әжептәуір жақсы шығыпты.
Ескерту: Құран, Ислам сөзін үлкен әріппен жазуға тырыс.
Қатты ұнаған сөздер: «Иман кілті тәрбиеден құнартып» "Құрғақ шөлейт, сар топырақ боранда,
Бұлақ атар аузын тапсаң шығатын." «Алла жалғыз, Алла ұлық, шебер ол,
Топырақтан жылы өңді жаратқан!»
Түсінбегенім: «көбе» деген не мағна береді?
satirik92
Көбе — сауыт. Ия, аға қателік жібердім.
korwinin_kyzy
Ілім тапса бүтін шығар шолақтан.
неткен сөздер
бұл сөздерді қайдан алдын? өзін жаздынба? әлде бір жерлерден оқып қалдынба? сосын өз өленіне қосып жібердінба? жақсы сөздер екен
satirik92
Мойнымда бас барда, сол баста «Ми» деген банк бар сол мидан залогка алып қағазға түсірдім. Әрине өзім жаздым. Сізге рахмет!
korwinin_kyzy
мәләдес жарайсын
satirik92
Сізге мың алғыс!
jalyn
МашАлла! Талабыңызға нұр жаусын
yesbolat83
Жақсы жазылыпты бұл өлең. Барлық жолдары ұнады, соның ішінде:
Алла жалғыз, Алла ұлық, шебер ол,
Топырақтан жылы өңді жаратқан!

Аллаһ разы болсын!
JarkynNUR
Тамаша жеткізіпсіз!
mairosh
Керемет өлең!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.