Ондайлар көп...

Өз заманының ұнамсыз құбылыстарын аяусыз әшкерелеген Абайдың «Есек пен бұлбұл»,«Бақа мен өгіз» және А.Байтұрсыновтың «Аққу, шортан һәм шаян» сынды мысалдары естеріңізде болар? Бұл үлгі адам бойындағы қулық-сұмдықты, тойымсыздықты, жауыздық пен зорлық-зомбылықты жануар кейпімен көрсетіп, пікірді астарлап бейнелейтіні мәлім. «Болмасаң да ұқсап бақ» дегендей, мен де осы үлгіде "өлең" жазып ем, оқимыз:
Дәріс беріп жүрген шыбын әр күні,
Ұялмай да,қызармай да, пиғылы —
Пара сұрап баға үшін баладан,
Құдайдан да қорықпаған сықылды.
Бала шыбын қиналды да зарықты,
Іздеп жүрді қараңғыдан жарықты.
Осындай да оқытушы болады-ау,
Көз бояйтын семіз қылып арықты.

Сондайлар көп жүретұғын алалап,
Жамандығы туа берер балалап.
Тура күні таразыға тартылса,
Тозаққа да бара ма екен параны ап?!

Шәріпбай Ақкенже

8 пікір

yesbolat83
Ақкенже, жақсы жазылған, не айтқың келмек болғаның түсінікті болды. Мысалыңның соңында ақыры сол пара алған бір бәлеге тап болатындай етіп жазғаныңда керемет боп кетер еді. Олай жазу сенің қолыңнан келетін сияқты.
Пікіріңізге рахмет!қысқа қайырғым келді)Тозаққа да бара ма екен параны ап?!-мұның өзі ой салатын қатар емес пе)
korwinin_kyzy
Рахмет ызра боп калдым ше Көз алдымда өткен сәттер есіме тусті
Бәріміз бірдей Алланың алдына барамыз ғой! Мен соны меңзегем.Мен әлі оқушымын, мұндай жағдай болған жоқ.Бірақ,іштей дайын жүрміз ғой…
korwinin_kyzy
Жо жок сутдент болсаныз көрерсіз талайын, апайлардын сенін біліміне емес қалтаңа қарап тұрғанын
не деген апайлар мен ағайлар
Білем деп тұрсанда құлатудын амалын табадыгой
Басымнан өтті бердім ақшаныда банкы банкы сырдыда, волебольный доптыда
… сөзім жоқ
AL-ASTER
«Есек пен бұлбұл» — „Осел и соловей„
«Аққу, шортан һәм шаян» — „Лебедь щука и рак„
«Бақа мен өгіз» — „Лягушка и вол„

автор: И. А. Крылов
иә, иә, Крыловтан алынған Абайдың аудармалары
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.