Сағынамын...

Сағынамын қыста, жазда, көктемде,
Күз жауыны нөсерлетіп төккенде.
Сағынамын, сағынудан тоймаймын,
Көктем желі Сыр бөктерін өпкенде.

Бізден басқа көп мұңлықтар бар шығар,
Бүгінгі күн ертеңгімен аршылар.
Маматайым келіп тұр деп ойлаймын
Үй төбесін ұрған кезде тамшылар.

"Қайда,қайда,қайда жүрсің, анашым?"
Деп жалғаймын үміт-қайғы арасын.
Маматайым қалай қиып кетті екен
Бауырларын, боталарын, анасын…

13 жылдың жүзі болыпты… небәрі 4 жаста едім

2 пікір

maulen
Сағым қуған самал жел екпінінен,
Бұлттар асып барады көзден ғайып.
Тағдыр жазған қаталдық текпінінен,
Іздер қалып барады, өзгеде айып.

Қамықпа. Болашақ деген алып кемеге ескек салып, өз орныңды тауып, әлақ аяулы ана боласын. Бұда айтпағым "ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің"…
akken
рахмет.менің мақсатым аяушылық туғызу емес еді…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.