Өмір жыры

Көру арман, сезу арман тағы да,
Жүздесуде ғашықтық оты жанды да.
Түннің самал қоңыр желі ән дейін,
Шырқап тұрған жайлы үндес бағы да.

Күні батып, сипап атар таңы да,
Тұрғандайын күле қарап жаныңда.
Қолы жетер жерден кетер алыстап,
Жалын қуын құштар арман қамында.

Жастық, жастық шексіз қиял сарпылма,
Қиялға да қиял қосар шағында.
Желпіп тұрар алып ұшар махаббат,
Құласаң да тұра жүгір шағылма.

Орта жастың бұрылайын маңына,
Шаңырақтың ілесерсің шаңына.
Аққан терді саспай сүртер уақыт жоқ,
Бес күн тірлік, қос күн күліп дамылда.

Іңгәләған нәрестең де қасыңда,
Жар мен сәби күйін шырқап басыңда.
Күйіндірер сансыз түйін шырмауық,
Шырмап қосар отбасылық асында.

Шыдап, төзіп Алла берген сынына,
Ұрпақ сүйіп шықтың өмір шыңына.
Бала күлкі сылдыр-сылдыр құлақта,
Сен әкесің қорған болған шынында.

Күңгірт өлке қырау қонып тасыңа,
Жеттің міне пайғамбарлық жасына.
Көгің толы, түбі терең теңізсің,
Асыл сүйек қариясың расында!

Намаз серік, тізе берік қалыспа,
Немереңді бастан иіскеп тыныста.
Ұрпағыңа өмір тілеп сәжде де,
Соңында тұрасың әзер ысылдап.

Жатсаң тұрсаң елес өтіп көз алда,
Шерің толып, қарап тұрсың құстарға.
Суйеу таяқ, қыңыр қолды созсаң да,
Әлің жетпес дәл секіріп ұстарға.

Ниет тартып бастың қадам жұмаға,
Көз нұрың да ауысты құр тұманға.
Жұма намаз қасиетті парызда,
Жаның ұшты жылы шуақ тұстарға.

Көз шараңа кіріп тұрды ұрланып,
Балалық шақ, ана құшақ қырланып.
Жылап сұрап ақ мамасын ананың,
Өтіп сүті тамағыңнан сыланып.

Көзді ашсаң нұр көрініп буланып,
Әсем бейне ләззәт сыйлай шұбартып,
Мүсәпірлік айдап салып барзаққа,
Ұжымаққа шақыртып тұр құмартып.
ТӨРЕХАН Арыстан

1 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.