Алла ғажабы

Алла жайлы бісмілләдән сөз тізейін,
Ғаламшардан құдіретін іздейін.
Тау да, су да, көк те, жер де ғажайып,
Ең ғажабы адам, яғни, сіз дейін.

Тірі жүрек, қызыл тілмен бүрлейін,
Махаббаты жарық сәуле күн дейін.
Ең ғажабы сауап терер ғұмырың,
Бекер жүріп, мағынасыз сүрмейік!

Аппақ туып, иман қонып өнетін,
Бір Алла деп тағзым жасап өтетін.
Екі төсті қалқан еткен ғажабы,
Үнсіз ділің ажал келсе көнетін.

Ілім іздеп күні-түні терлейтін,
Көз көргенді терең бойлап сүрлейтін.
Ең ғажабы отыз пара жаттайтын,
Ойлы сана өз ішінде өңдейтін.

Қара, жарық, сәулені де көретін,
Лезде жетіп қашықтықты сөгетін.
Ең ғажабы жауып тұрған кірпікпен,
Көз емес пе? Мұрын сызық бөлетін.

Жақсыны да, жаманды да төлдейтін,
Онсыз еш бір уағда бітіп өнбейтін.
Ғажап тілдің қорғанды ұясы,
Ауызың ғой жылы уағыз сөйлейтін.

Ағаш тіліп, ойып мүсін істейтін,
Көп еңбектен еті қатып күстейтін.
Ең ғажабы бес саусақты екі қол,
Еш уақта қажеттіліктен түспейтін.

Сені мәңгі сансыз жолда сүйрейтін,
Тыпыр-тыпыр! Жатқанды да сүймейтін.
Өзін бүгіп апаратын сәждеге,
Ғажап аяқ алғаш жерге сүйейтін.

Бұл тақырып майлы нүкте тікпейтін,
Сансыз тарау, тармақтарға жіктейтін.
Бұл өлеңмен іркіліп сөз тоқтамас,
Оқырманға келер сөзді күт дейін.

ТӨРЕХАН Арыстан

3 пікір

zhomart
Аллаһ разы болсын, бауырым! Жазарың көп болсын, керемет өлең.
ai-naz
Жақсы туынды екен!
JarkynNUR
Сөз саптауыңыз керемет екен! мынандай тіліңізбен тамаша туындылар жазасыз әлі. Тек өлең техникасында аздап әлсіз тұстары бар сияқты. Бірақ тамаша жеткізгенсіз! Жазарыңыз көбейсін!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.