Ойламаңыз...

Ойламаңыз…

Ойламаңыз… Ойламаңыз! Ойламаңыз сіз мені…
Түсінбедім, сіздің жүрек осы нені іздеді?
Бәлкім сізге шыныменен, мен қымбат жан шығармын?
Үндемеңіз! Түсінікті сезім сыры сіздегі…

Ойламаңыз… Ойламаңыз! Ойламаңыз өткенді…
Не қайран бар, жеңе алмасақ бізге арналған өткелді?!
Менің сенген, үміт артқан пәк сезімім жәй ғана
Расталған боп, сіздің жалған сөздерменен өтелді.

Ойламаңыз… Ойламаңыз! Ойламаңыз бәрін де…
Сүйеді деп ойлайсыз ғой,
Ойлайсыз ғой әлі де.
Қанша жасырғанымменен ол белгілі болып тұр,
Мәңгі қосып жүретінмін сізді ғана әніме.

Ойламаңыз… Ойламаңыз! Ойламаңыз ғашық деп…
Жасырынып жүрмін сіздің махаббаттан қашып тек.
«Алдадың!» деп кінә артасыз…
Сенбесеңіз егерде
Ессіз сүйген жүрегімді көрсетейін ашып кеп.

Ойламаңыз… Ойламаңыз! Ойламаңыз ештеңе.
Сезбес сізде ешбір жүрек… Көздер менен еш дене.
Ойламаңыз мені мүлде!
Тыныш өмір сүрейін…
Бір ауыр жүк түскендей боп қалсын менен кішкене.

авторы: Егембергенова Гүлдана

4 пікір

maulen
Ойлау сезімінен айырылатын болса?!..
aktrisa_e
Айырылса, айырылсын…
maulen
Жауабыңызға қарағанда қатты өтпелі сияқтысыз ғой?..
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.