Ауылым

Мәңгі қамап, кең торында ұстайды,
Туған жердің сырға толы жыр бағы
Сарыарқамның сар(ы) гүліне ұқсайды
Ақ әжемнің кеше сырған сырмағы.

Неткен ғажап, өзендері тұп-тұнық,
Тау өретін әжем менің суретші.
Ғажайыпты үйренейін деп тынып,
Тынши алмай қайталаушы ем « үйретші»

Отырушы ем, ақ әжеме еркелей,
Төріне әкеп ойнатушы ед далам да.
Барам десем ағам мені ерте ме ей?
Ауылды аңсап, тар қалада қалам ба?

Самал желде есем кетіп қалардай,
Жүгіруші ем шашымды да өргізбей.
Енді міне шолпымдағы жаңармай,
Білінбестен алыстапты ау төр біздей.

Досымменен тауға жиі барушы ем,
Қолда таяқ, қара етік, иықта тон.
Тау басында қоңыр әнге салушы ем,
Дәл сол таудай жаңғырмайды микрофон.

Қара дауыл құйынымен өте алмас,
Жылу сіңген ыстық қоныс сырмақты үй.
Қара буырыл тұлпарыма жете алмас,
Қаладағы ең жүйрігің «Бугатти».

Көз алдымда мәңгі сақтар көк реңін,
Одан басқа сыйды маған ұсынба.
Сар (ы) даланың исін аңсар көкірегім,
Әжем сырған сырмақ тұрса тұсымда.

Жарқыннұр Болысханқызы

2 пікір

maulen
Ауылым есіме түсіп кетті ғой, кремет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.