Қазақ қыздарының поэзиясы

Поэзия – қасиетті ұғым. Ол — адамның ішкі сезімінің тіл жетпес тылсымында жатқан әсем әлемі.Жеке адамның ешкімге айтпас құпия қастерлі ішкі сыры. Поэзия тек қана ішкі дүние ғана емес, адам жанының алаулаған алтын жалыны. Поэзия – тарихтан да, тіпті философиядан да жоғары екенін бағзы заманнан-ақ ұлы Аристотель айтып бергені мәлім.Поэзия – әлемнің жыршысы, ақылдың айнасы, халық мұңы, өнердің шыңы.
Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Біреудің бағы – тілінде, Біреудің бағы –уысында»-демекші осы аталған бақтар бұйырған поэзия ауылындағы карагөз нәзік жандылар туралы сөз қойғамақшымыз.Тарихқа жүгінсек ғасырлар бойы әйелдер мен қыздардың негізінен поэзияның объектісі болып келгеніне куә боламыз. Қазақ әдебиетінде әйелдердің түрлі себептермен XX ғасырдың ортасына таман ақындар ауылына кәсіби тұрғыда бет бұрып, өз сөздерін айта бастағаны анық. Жалпы зерттеу мәліметерге сүйенсек,өткен ғасырдың басынан ешкімді айта алмай отырмыз. Ал соғыстан бұрын- Мария Хәкімжанова, соғыс жылдары- Зияш Қалауова, 60-жылдар да Тұрсынхан Әбдірахманова, поэзия шолпаны Фариза Оңғарсынова, поэзия аққуы Марфуға Айтқожина, Аққұштап Бақтыгереева және де Қанипа Бұғыбаева, 70-жылдары – поэзия ханшайымы аталған Күлаш Ахметова мен Ханбибі Есенқараева, 80-жылдары- Шәмшия Жұбатова, Гүлнар Салықбаева, Баян Бекетова ,90- жылдары- Роза Қараева мен Жанат Әскербекқызы, Жанна Елеусіз, XXI ғасыр тудырған жас ақындар- Назира Бердалы, Танакөз Толқынқызы, Анар Шамшадиева, Айгүл Сейілова. Құралай Омар. Индира Керева… секілді тізімдермен бүгінгі күні толығуда.
Қазақ қыздарының поэзиясы туралы тілге тиек еткенімізде алғашқы болып, поэзия шолпаны Фаризаны атаймыз.Фариза туралы пікірлер толассыз. Соның бірі жазушы Шерхан Мұртаза: Қазақта ақын көп, Фариза жалғыз.Жаңа туған айдың жанында жалғыз жұлдыз ерекше жарқырап тұрады. Періште жұлдыз сияқты.Ақындығы да, жаратылысы да ерекше, ешкімге ұқсамайды.Ақын жалғыз. Перзенттері сансыз. Олар миллиондардың жүрегін жылытады, жандарын жадыратады. Перзенттері сонысымен құдіретті.Сенсіз дүние – бір кем дүние. Жұлдыздарың сөнбесін деп тілегін білдірген болатын естелік жинағында. Осы естелік сөздерден-ақ қазақ қыздарының поэзиясы тасы өрге дөңгеленгенінің бір көрінісін аңғарасыз.
Қоғамда қандай тақырып болса да кереғар пікірлер кездеседі.Осындай пікірлерді де өз кезегімен жолықтырғанбыз. Қыздар поэзиясы туралы ақын Бақытжан Алдиярдың пікірін білгенімізде « Әйелден ақын шықпайды, Биші мен күйші болмаса...» деп атаған (Есенғали Раушанов). Есеғаңнан асырып ештеңе айта алмаймын. Әйел ақындардың басында Күлаш пен Фариза тұр еді. Кейіннен Гүлнар келді.( Салықбаева) Сонда да Есағама қосыла берем қыңырайып. Себебі, қазақта әйел болып, биікті бағындыра білген ақын қыздардың бақытты боп кеткенін көргем жоқ. Жалпы әйел бақыты мүлдем басқа болуы тиіс. Мұны кім қалай түсінсе, солай түсінсін деп қорытындылаған болатын. Ал осы сөзге кереғар түйінді ақын, қоғам қайраткері, сазгер Әкім Ысқақтан естіген болатынбыз.
Әкім аға: «Әлем мен бесікті тербеткен жандарға поэзияны тербету қиындық келтірмес. Қыздарға поэзия қол емес деп К. Ахметова, Ф. Оңғарсынова, Т. Толқынқызы, А. Леубаеваны танымайтын көзі байлау жан айтсын. « Тіршілікте әр күнінің ғұмырда бар хақысы, Жақсылықтың барлығының жақсылық па ақысы» атты К. Ахметованың бір ауыз үзіндісінің өзінен-ақ нәзіктердің өзіндік философиясын байқауға болатындығын басты назарға алды. Сонымен бірге қыздар поэзиясының ерекшелігі-тұлабойы тұп-тұнық лирика. Одан өзге ептілік пен ер мінездік тоғысып тұратындығын атап өткенді. Осы аталмыш түйінділерден кейін қыздар поэзиясы туралы теріс пікірді әбден жоққа шығаруымызға дәйек бар. Сонымен бірге тоқсаныншы жылдары поэзияда өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын Жанна Елеусіз апайымыздың бүгінгі қазақ қыздарының поэзиясы туралы пікірімен ой бөліскен болатынбыз. Жанна ақын қызымыз жалпы, казір өленге қалам тартып жүргендер 90-шы жылдардағы тұсынан алдекайда көптігін атады. Жіптің екі ұшы бар секілді, жақсы жағы — бұл жастардың жазуға, айтуға деген құштарлығы мен еркіндігінің молайғанын көрсетеді.Жаман жағы — техникасын менгеріп, бір қарасаң ұстайтын жер таба алмайтындай, жып — жылтыр нәрселер деп өз ойын білдірді. Өлең деген қарапайым да ұлы Киенің өзін — мына дүние не боп кетті дегізетіндей- деп сөз арасында жастарға өкпе-назында айтып қалғанды. Қазіргі таңда ой қайталау, сөз ғана емес сөз тіркестерін қайталау кездеседі.19-20-шы ғасырлардағы түрлі бағыттарды ұстанған орыс адебиеті сияқты емес,қазақ әдебиеті өте көңілшек, кең ғой әу бастан,қара өленге ұксайтын нәрсенің бәрін өлең деп қабылдай салу алі де бар деп өз ойын қортындылалы.
Оқырмандар арасында сауалнама жүргізу барысында қазіргі таңдағы қыздар поэзиясында Танагөз Толқынқызы, Құралай Омар және де Индира Керееваның қаламы қарымды екендігіне көзіміз жетті.Неліктен деген сауалымызға оқырмандар қауымы құдды бір ауыздан келісіп қойғандай, жүйелі тіркес, сапалы сөз,үйлесімді ұйкас та деп жауап қатқанды..Қарапайым күнделікті сөздін озін, бір кереметтей ойлау жүйесі арқылы шумактарда кестелеп, палсапалық пайымы мол арқылы өрнектейтіндігін атап өтті.
Көбінде лирикалық өлеңдері жүреке жетеді екен. Сонымен бірге заманына қарай адамы демекші Индира Кереева мен Құралай Омар әнге сөз жазады. Бір қуанарлығы тыңдарман жүрегінен орын алуы, Әсіресе, соңғы кездері жастардың аузынан түспей жүрген Роза Әлқожаның орындауындағы « Жүрек назы» әнінің сөзін Құралай жазған болатын. Тіпті бұл ән Қазақ радиосының «Ән шеруінде» көш бастап тұр.
Ақын Аманхан Әлімұлы газетке берген бір сұхбатында: «Құралай Омардың «Ақ қар» атты кітабын оқып шықтым. Ұнады. Жинағында тұтастық бар. Бүкіл өлеңін өзін жылатып, мұңға қалдырып кеткен адамға арнапты. Құралай құпиясын ешкімге айтпайтын қазақ қызының менталитетін ысырып қойып, сезімін жұртқа жариялапты. Поэзияның діңгегі мұң болғаны жақсы. Бірақ мұң көз жасына айналып кетуіне де болмайды», – деген. Ал, осы пікірге ақын қызымыз « Халық сөзі» газетіндегі сұхбатында былайша жауап берген болатын.Өлеңдерімнің мұңлы екеніне келісемін. Бірақ мен мұңды қолдан жасап жүрген жоқпын. «Қазақ қызының менталитетін ысырып қойып, сезімін жұртқа жариялапты», – деген пікірге келіспеймін. Себебі, тек мен ғана емес, маған дейінгі Фариза, Гүлнәр және барлық ақын қыздар да сезімдерін ашық жазатын сияқты. Мені бәрі жақсы көруге, не болмаса мені бәрі мықты ақын деп мойындауға тиісті емес. Құдай берген осы талантым үшін тәубе деймін делінген.
Осы мәселе төңірегінде жалпы жастарға ақын Жанна Елеусіз қазір ашык айтудан гөрі кейде анайы айтуға ауысып кететін тұстары бар жастардың.Бұл — ұлы адебиет болам деген елдің ұрпағына жараса қоймайтын көрініс.Ұлы әдебиет болу үшін,әуелі,Ұлы мадениет болуы тиіс… Сезімді бакырып емес, батыл,ұгына салатындай емес,ұғуга итермелейтіндей, анайы емес, аяулы етіп жеткізетін жырлар тілеймін кыздарға деп ақ тілеген де арнаған болатын. Жане де басты қағида- жастар поэзияы он тогызыншы, жиырмасыншы ғасырлардағы Болмыстарын сактаса деп ұсынысын білдірді.
Ақын – халық сөзін жеткізуші. Халықтың тілі мен үні. Жүрекке шаң болып жұққан өмір күйесін өлең-орамалмен сүртіп, тазалаушы. Ақын жырын ар мен жүрек таразысынан өткізетін Халық деген Ұлы бар, Уақыт деген Төреші бар. Осы аталған нәрселерді поэзия әлеміне қанат қақпақ, қаламын жанына серік қылған жандар әсте жадында сақтаса, нұр үстіне нұр болмақ.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, бүгінгі таңда қыздар поэзиясы өрлеуде, күн санап жас ақындар санымен толығуда. Біздің мақсатымыз қыздар поэзиясын даттау да, мақтау да емес, саралап, болашақ ұрпаққа ұсыну ғана. Жоғарыда аталған қателіктер мен кемшіліктерді жас буын ақындарымыз сабақ ретінде екшелесе, ал артық тұстарын өнеге ретінде қабылдаса игі болар еді.

4 пікір

kema
a?
ai-naz
бұл сұрақ белгісін қалай түсінуге болады?
Jako
Сезімді бакырып емес, батыл,ұгына салатындай емес,ұғуга итермелейтіндей, анайы емес, аяулы етіп жеткізетін жырлар тілеймін
Тек қыздарға ғана емес, жалпы өлең жазамын дегенлер ескерсе артықтық етпейтін талап екен…
ai-naz
ия, расында ойланатын нәрсе екен!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.