Бір қыз бар...

пкфп

17 пікір

satirik92
Жақсы жазылыпты
kadastr777
Ілтипатыңызға рахмет
yesbolat83
Жарайсың, жақсы жазылған.
korwinin_kyzy
мойындау керкек ЖАРАЙСЫН жақсы жазылған
Jako
Сен мойындасаң қалғандар қырырылып қалу керек қой…
kadastr777
Рахмет бәрілеріңізге
akmaral_toktagulova
Бір қыз бар қасы тіктеп жұлынған
Сұлулықтың мәнін қастан ұғынған
Ұлдар деген қырып жүрсе сақалын
Жағаласып олда қасын қырынған
************
Бір қыз бар сырғадан сән іздеген
Құлақтарын тескен сірә бізбенен
Бір сырғаға екі сырға жапсырып
Көрген бетте тітіркенер мұз денең. xexexe keremet jaraisiz)))
AKA
Дұрыс қой, бірақ қысқа юбка киіп, әдемі боянып, шашты жайып жіберіп, сызылып тұрса жігіттер сол қызға бірінші көздері түсер еді. Анааау жерде шашын өріп, үндемей тұрғандар жолда қалаД, сондықтан мойындау да керек қой.
mairosh
Сәнмен киінсің, бірақ теріс жолға түспей өз табиғатымен жүрсе болатында шығар. міндетті түрде жабық қиіп жүру емес қой деп ойлаймын.
korwinin_kyzy
міндетті түрде жабық қиіп жүру емес қой деп ойлаймын
ААА солайма))) бір нәрсені түсінініз ше)) Бір мысал келтірейін Жабык қыз деген ол қымбат машина делік оған ешкім отыра бермейт яғни тек туыстары машинанын иестері отырат, ал Ашық шашық қыз ол Қоғамдық көлік делік ол қызға отырмайтын адам жоқ бәрі отырат))))

****
Қыз деген брилиянт… Мысыал сізде Брилиянт бар сол брилиянтты жауып қоясызба алде ашып шашып кез келген жерег тастай саласызба:? аааа арине жабып қоясыз неге қыздар өздерінін аураттарын жаппасқа, ашық қыздын құны жоқ)))

****
Адам болып жаратылдық, басы бүтін бағалы,
Сол бағаға сай келе ме мына қоғам талабы?
Ер азамат «сері» болып,
Аяулылар «пері» болып,
Сол бағаның құны кеміп барады.
Демеймін мен бәрінің де рухы — жетім, құны — кем,
Серімін селкілдеген сезімсізден түңілем.
Орындаймын деп кері кеткен серіліктің талабын.
Дөп баса алмай, шоқ күйдірген табанын:
Баяндайын сол жігіттің тілімен:
Жігіт едік әрқашанда алшы тұрған асығы,
Кеудеде қан, бойда қуат, білекте күш тасыды.
Қарсы келіп алысқандар қалды тұрмай иленіп,
Бізді көрген кей мықтылар алыс жүрді именіп.
Енді ойланам: ер болсақ та білек күші тасыған,
Әңгімеміз өте арзан, исі шыққан, сасыған.
Жүректерде мейірім жоқ,қара дақтар қатқан нық,
Қарқ-қарқ күліп істеп жүрген күнәмізбен мақтандық.
Жәбірлейміз біреулерді, тіпті тонап,ұрамыз,
«Зина» еді мақтан етер ең сүйікті күнәміз.
Ісіміз де, сөзіміз де тек сылдыр су, май емес,
Денемізге, жасымызға ой-өреміз сай емес.
Уақыт өтіп зымырады, көп күнді артқа тастадық,
Жиналдық та біз бір күні «сасық сұхбат» бастадық.
Бздің сабаз, сері жандар таудан, тастан қайтқан ба,
Бір-бірінен асып түсті «зина» жайын айтқанда.
Бірі айтты: «Мен бәріңнен асып түскен батырмын,
Себебі мен, он бестегі оқушыны қатырдым»…
Дедім мен де: «Сен балақай бүгін менен ұтылдың»-,
Деп келдім де сөйлемімді «қатырдыммен» бітірдім.
Арамызда мақтанбаған қалды «сары қу» ғана
Даусын қырнап, бір жұтынып,қарап тұрды қулана.
«Мен сендердей тым тұрақсыз,өте ақымақ емеспін,
Бір аруға бір ай барам, одан кейін елеспін.
«Сүйемін»деп, «Күйемін»деп ресторанға шақырам,
«Жарым етіп аламын» деп, тура бір ай қатырам.
Қазір міне, тура сондай бір сорлыдан келемін,
Анда-санда беріп қоям тиын-тебен керегін.
Обалы не, ол бір байғұс алады деп сеніп жүр,
Жай айтамын,қатты айтамын бәріне де көніп жүр.
Бойы ұзын, шашы иықтан, сұлу көздің қарасы,
Күйеуінен қайтып келген, бар екен бір баласы.
Осы емес пе мен сендерден бір сатыға асқаным,
Мас боп қалды,өз үйіне жаңа апарып тастадым.
Уақытша болып жүрмін қазір оның сыңары,
«Пәлен»деген ықшам аудан, жүзінші үйде тұрады.»
Тұла бойым мұз боп кетті, сәйкестік пе, бұл қалай?
Тұрып кеткім келді орнымнан ары қарай тыңдамай.
Екі бетім нарттай жанып, ысып, шулап құлағым,
Сәл шыдадым, түк сездірмей аты жөнін сұрадым.
Сөйтсем іште ар-намысым көтермепті бекер бой,
Қор қылғаны туған менің қарындасым екен ғой.
Ол «сары қу»өртенгенім, күйгенімді білсін бе,
«Қайдан білдің аты-жөнін, сенде барып жүрсің бе?»-
Деді дағы қарқ- қарқ күліп қайта-қайта сұрады,
Шарасыздық шарлап алды, жан жүрегім жылады.
Қорғай алмай қарындасты намыс қалды тапталған,
Не дейін енді, жаңа ғана өз күнәммен мақтанғам.
Мен қатырған арудың да намысы тік құлады-ау,
Ол да менндей бір жігіттің қарындасы шығар-ау.
Шайтан болып көрінді де жан достарым қолдайтын,
«Ал, жігіттер,қайттым үйге, денсаулығым болмай тұр...»
Сыртқа шықтым,өлгім келді, бұл өмірден түңілдім,
Ашуланып қарындасым тұрған үйге жүгірдім…
Кіріп келдім,үй тып-тыныш, жоқ секілді бір адам,
Қарындасым шынымен мас, жатыр сезбей сұлаған.
Жүзім кетті қап-қара боп,қаным тепті басыма,
Өлтіруге бел байладым тіпті сондай асыға.
Ұрып...әлде, буындырып өлтірсем… тез табады,
Шайтан маған көмек беріп әртүрлі ой салады.
«Уланыпты» деп айтсын деп барлық газды аштым да,
Есік жауып қалдым ойға сатыға аяқ бастым да:
Бір құрсаққа сыйыса алған бауыр ек қой біз кеше,
Бір дүниеге сия алмайтын не боп қалды ендеше?..
Газды жаптым,қия алмадым қарындасты көрікті,
Шарасызбын екі көзге бердім енді ерікті.
Мен өзіңді лас өлімге қимаймын ғой қарағым,
Кім береді санамдағы сан сұрақтың жауабын?..
Бұл қоғамды кінәладым күнәлі істен құралған,
Ақырында таптым жауап Қасиетті Құраннан.
Құдай мені кешер деген үмітім бар күтулі,»-
Деп көздері жасқа толып,әңгімесін бітірді.
Ойланайық біз де бір сәт, мұнда бізге сабақ бар,
Санаңда бір сұрақ туса, соған лайық жауап бар.
Серіліктен бастау алса бүкіл қайғы, бүкіл мұң,
Қарындасты қорлап біткен «серілікке» түкірдім.
AKA
Өтірік көлгірсімеңдерші осы?! Қысқа киіп, боянып-сыланып, сызылып тұрған қыз көрсеңдер көздеріңді алмас едіңдер. Жабық, ұзын демей-ақ қояйын, ең құрығанда шашы желбіремей, көйлек киіп, боянбай-ақ тұрған қызға қарамас та едіңдер ғой. Бәріне шашпаймын, бірақ 85 пайыздарың солай жасар едіңдер. Знәшіт, бір сәттік жылтырақ үшін алданасыңдар деген сөз.
korwinin_kyzy
Өтірік көлгірсімеңдерші осы?!
өтірік көлгірсімендерш деп утверждать етіп алады да сұрақ белгісін қойып қоят, неге утверждать етесіз егер сұрақ қоятын болсан;???????
*****
Жылтыраганнын бәрі емес Алтын
Әйелдердін барлығы емес қатын
Аналардын түсірмейм былайша атың
Ана деген тұлға ғой мақтанатын
AKA
Өйткені, сізден басқа жігіттер де бар деген сөз, қызым. Олар келіспеуі де бек мүмкін…
mairosh
түһ, мен басқаша сен басқаша айтып тұрмыз.
ошем Ақаның айтып тұрғаны дұрыс
AKA
Сондықтан да, іштей де, сырттай да нақтыланып алғандарыңыз жөн. Иә, былай, иә, олай… А так, жігіттер арасында да бар, сынап мінейтін тұстары.
geofizik_001
барлық нәрсенің шегі бар. Ұзын киініп те сәнді жүруге болады,ұзын киінбей де ашылып-шашылмай, жинақы жүруге болады.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.