Туған күніңізбен, Ерлан аға!!!

Сәлеметсіздер ме, Айтаберлік достарым! Бүгін арамызда жүрген қатардағы жауынгер қолданушы ereke_enu ағаның туған күні екен!!! Көктемнің тамаша шуақты күнінде дүниеге келген ағатайымыз өмірде бақыт, оқуда — жетістік тілей отырып, мына бір тамаша өлеңді арнағым келеді!!!

Өмір мынау қатар тосқан
Жеңілі мен ауырын,
Шуағы мен дауылын.
Бүгін мына сенің туған күніңде
Қандай тілек айтсам екен, бауырым?
Саған байлық тілер ем мен,
Бірақ ол бір әңгүдік,
Есігіңнен кіргенімен паң күліп,
Жүргенімен шеру тартып, сән құрып,
Саған жолдас бола алмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен,
Тамыр алған төсіңнен,
Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен,
Онсыз адам жүре ала ма
Соқпақтар мен жолсыз да,
Ал сұлулық тілер ем,
Сұлусың сен онсыз да.
Қайтсем екен?
Мен одан да барлық адам аңсаған,
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған,
Азы жетіп, ал сан мыңы тек елесін тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін,
Кез келгеннің бақшасында піспейтін,
Зор махаббат тілейінші мен саған!!! © Шаханов

Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Туған күніңізбен, Ерлан аға!!!

6 пікір

yesbolat83
Ереке, туылған күнің құтты болсын! Денсаулық, бақыт, шаттық және көптеген жақсылықтарды тілеймін. Жастан жасқа жете бер. Өмірің мән мен сәнге толы болсын!
yesbolat83
Кез келгеннің уысына түспейтін,
Кез келгеннің бақшасында піспейтін,
Зор махаббат тілейінші мен саған!!!
Осы бір жолдары маған қатты ұнайды.
Jako
ereke_enu Туған күніңмен құттықтаймын!
AL-ASTER
1 сәуір 00:32
Туған күніңізбен, Ерлан аға!!!
жазған: p689606

Прикол ғой бұл
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.