Күн дейін

Жаңа піскен алмадайын қызыл шырай,
Қыз қылықты балалықпен қызық сыңай.
Ерке мінез, көзі мөлдір ботадай,
Көрсең оны кетесің-ау қызып тынбай.

Күлкі сыйлап, алға бастап сызық сызып,
Сөзі науат аштыдан да жүзім түзіп.
Сурет сала адым басқан жүрісі,
Көрсетеді тұманда да өзін сүзіп.

Адасыптым біраз уақыт дала кезіп,
Төсек тартып жамбасты да жата тесіп.
Терезеден тура кіріп көгершін,
Үміт берді ақ қанатпен жалай есіп.

Алла берген ғажап түрлес әсем есім,
Естіп алғаш қалған еді әзер есім.
Салқын самал жұлдыз ойнап сол бір кеш,
Ғашық етті мың құбылта есер есіл.

Нұрлы жанар қараса бір есің кетер,
Жүректерді де оятып тесіп өтер.
Ақыл айтса атылған оқ жебедей,
Тура тартып санаға да желпіп жетер.

Нарттай ерін қондырғанды сәби күлкі,
Болмасын қайғысына да фәни түрткі.
Зеңгірдегі нұрлы қабақ күн дейін,
Торға ілмес алдаса да әккі түлкі…

Өзі кербез тағынғандай мамық үкі,
Жұмсақ күліп сезімдерді шаншып түртті.
Сезім жұтқан мінездене биязы,
Жүрек бүгін ақ қағазға шашып төкті.

ТӨРЕХАН Арыстан

2 пікір

Kan
Өлеңің ұнамады кешір. Ұйқасын ты ауыр құрағансың.
үшінші буынын келтіре алмағансың тек 1,2,4 бындаға ұйқас іздеп өлеңнің мағнасын дұрыс аша алмағансың. Өлең тартымды, тілге жеңіл тиюі керек.

Сенсіз өмір, сенсіз әлем жат маған.
Сенсіз жүріп қалай жалғыз бақ табам.
Сені сүйіп тыңшымаған сезіммен,
Жүректерде өлең болып жатталам. Мысалы осылай
satirik92
Өз көз қарасым. «Сенсіз», «Сенімен» деген сөз істеткенді ұнатпаймын. Білмейм, бұрыннан бері осылай жазып дағдыланыппын. Және ұйқас қумадым өздігінен тізілген сөздер. Бірақ, ескерем. Рахмет.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.