БАҒАЛАҢЫЗДАРШЫ

Сен едің жанымның гүл-құрағы
жасыл бағым күз келіп тұнжырады
Жаураған жадау жүрек қарашаның
Суығына шыдамай шыңғырады.
мұрсат берсең болмаспа еді аздаған
Сөндірдің-ау сезім отын маздаған
Паң күліп, кімге мен назданам
Мәңгілік бақытым, маңдайға жазбаған

Қымбаттым лағыл мүсін
Кір шалмас арымбысың
Қол жетпес сағымбысың
Ардағым сағынышым!

Жүретұғын жылу беріп жүзіңнен
Ардағым-ау ең бақытты күзім бе ең?
Әлде сол сәт ыршып түскен жанардан
Мөлдір тұнық тамшы ма едің үзілген?!
Тағдырыма тәкаппар иіп басты
Шаттық едім бұл күнде күйік басты
Қаншама ауыр сыннақтың бәрінен де
Жоқтығың жалғанда тиіпті ащы…
АЙГҮЛ БАДЫР

Бұлақтың мөлдір тұнығы ма едің?
Әлде асылдың сынығы ма едің?
Сал-серім өзің қылығы керім
Жүрші жанымда күліп реңің
Осы әнім саған бойтұмар болсын – шырқашы өзің!

Асау толқынның арнасы ма едің
Лебінен қуат тарайтын жанға.
Ақан серінің жалғасы ма едің
Таптырмайтұғын бүгінгі таңда.
Әуелесін ән көгімде қалқып – шырқашы өзің!

Құрбаны болсам әппақ арыңның
Қажеті қанша жаһұт, лағылдың?!
Болады-ау деумен сенің бағың кім
Сергелдең күйге тағы таңылдым
Қалқысын көкте бойтұмар әнім – шырқашы өзің!

Сұңқарым болсаң көкте самғаған
Құшағын жаяр болам кең далаң.
Бақ құсым өзің басқа қонбаған
Қайда жүрсеңде дәйім бол аман!
Сағынар болсаң бір кезде мені – осы әнге салшы!!!
АЙГҮЛ БАДЫР

6 пікір

yesbolat83
Ұнады. Жақсы жазылған. Айгүл, келесі жолы сеннен көңілді көтерерліктей өлең күтем.
Бағалар болсам бес плөс.
AL-ASTER
-3!

(Пікір иесіне бағалауды қалдырған өзіңіз. Менікі -10..-3 арасы)
Jako
Қымбаттым лағыл мүсін
Кір шалмас арымбысың
Қол жетпес сағымбысың
Ардағым сағынышым!
Тамаша, жақсы теңеулер.Өз шамаммен бағаласым жақсы, сезімге толы өлеңдер.
AyKoN
Рахмет барлығыңызға!
erke_ky3
Көңілім түсіііііп кетті :(
Chimaq
Oleng jaza alatyndargha qyzygham…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.