Кеткенің не?

Жеткенімде мақсатқа жеткенімде,
Жалғыз тастап сен мені кеткенің не?
Саған деген жылуым, махаббатым,
Әсер етпей реніштен кеткенің бе?
Сынағыңнан сүрініп өтпедім бе?
Әлде мүмкін өзгеге беттедің бе?
Ренжігенім болмаса оқасы жоқ,
Айтшы жаным мен саған «кет» дедім бе?

«Кет» дедім бе мен саған «кет» дедім бе?
Жазылады жараның өшкпенің де.
Сағым бола жөнелдің алыстарға
Жүрегімнен жыр шумақ төккенімде7

Жымияды дегендей көкте күн де,
«СЫНАҒЫНАН БІРЕУДІҢ ӨТПЕДІҢ БЕ?»
ДЕП КҮЛЕДІ ҚАРҚЫЛДАП ҚАРА ТАЛДАР.
ТӨМЕН ҚАРАП ҚАСЫНАН ӨТКЕНІМДЕ.

КЕТЕР БОЛСАҢ ЖІГІТШЕ КЕТПЕДІҢ БЕ?
МАЗАҚ ЕТПЕЙ БІР МЕНІ КӨККЕ, КҮНГЕ.
СЕН НЕ ДЕГЕН ЖАН ЕДІҢ ЖҰМБАҚСЫҢ БА?
АДАМДЫҚТАН БІР СӘТКЕ ШЕТТЕДІҢ БЕ?
КЕТКЕНІҢ НЕ МЕН САҒАН КЕТ ДЕДІМ БЕ?
АВТОР БЕЛГІСІЗ…

9 пікір

Korkem
Қыздың жан-күйін ашып-ақ жазған екен, кім болса да жарады!
marghan_84
жақсы екен, менен +1
VVVWWW
Бұл өлең тамаша жас ақын Сандуғаш Рыскелдінің шығармасы,
жаңылмасам 1989 жылы Оңтүстік қазақстан облысында туған ау деймін
balgalym
мәссаған!
qyrmyzy
Түн жарымда архивты қопарып…
balgalym
ішің пісіп отыр-ау :)
qyrmyzy
Іш пысқаны нес?! Ұйқым келді. Ұйқтай алмаймын, ұйқтауға болмайды!
balgalym
не азап сені сонша қинап жатқан?
qyrmyzy
бұқақақақақақаққааааа
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.