Махамбетті толғау

Ассалаумағалейкум Айтаберліктер!
Ауданда Махамбет оқулары өтіп, соның 3 бағамы, яғни шығармашылық бойынша қатысып, Махамбет бабаға арнап өлең шығарған едім. Сол өлеңді оқып, сын болса сын айта отырыңыздар.


Махамбетті толғау

Ордасында Бөкейдің,
Ұрысқа шықты шаруалар.
Шабытты күміс көмейдің,
Иесі батыр бабалар.
Хан мен сұлтан, төренің,
Махамбет көрді езгісін.
Қол бастап, ұран-өлеңін,
Жәңгір басты ер ісін.
Баймағамбет, Жәңгір хандарға,
Қарсы шықты Махамбет.
Әділетсіз жандарға,
Атылған «улы» жебе ед…
Ереуіл атқа ер салып,
Қол бастады Махамбет!
Еңку-еңку жер шалып,
Жол бастады Махамбет!
Елдің бермей намысын,
Жауға қылыш сермеді.
Боратып жеңіс «қамысын»,
Намысты қолдан бермеді.
Исатай еді-ау, серігің,
Күйініп, бірге қуанған.
Ел есінде ерлігің,
Қолға найза, ту алған.
«Ағатайлап!» ұрандадың,
«Қара қазан, сары бала қамы үшін».
Ту ғып ұстап, жыр-ән бәрін,
Баймағамбет, Жәңгір, Геккедей жан үшін.
Өкпе, нала, өкінішті,
Әсем сөзбен өрнектедің.
Талай жауыз, қара күшті,
Өз торыңда өрмектедің.
Ақиық ақын, ер батырсың,
Бойың тұнған талант ед…
Қаройда сен жатырсың,
Жүрек жұтқан, өр Махамбет!
Киелі қара домбырада,
Күмбір күйің төгіледі.
Кеудеде ұлтшыл жаны барда,
Өжет, қайсар бір жан еді.
Ұрпақ сені үлгі етеді,
Жасаған елдік, ерлігіңді.
Жырың – асыл сөздің кені,
Рухтанар, әрбір ердің бірі.
Тойланады мерейтойың,
Екі жүз он жылдық.
Орындалды арман-ойың,
Бүгінде егемен ел болдық!
Тәуелсіздік ақ таңына,
Толып отыр жиырма бір жыл.
Егеменді ел барына,
Шүкір етіп, қанағат қыл!

Авторы: Айдынғалиұлы Сағыныш

11 пікір

Jako
Шабытты күміс көмейдің,
Бұл теңеу негізінен әншілерге айтылады, батыр мен ақынға келмейді.Осы жолын Қуатты құрыш білектің деп айтса келетін сияқты.
Боратып жеңіс «қамысын»,
Қамысын деген не,намысын дегенге ала салған ұйқас па?
«Қара қазан, сары бала қамы үшін».
Махамбет бабаңның мақсатын ұсақтатып жіберіпсің.
Ту ғып ұстап, жыр-ән бәрін,
Баймағамбет, Жәңгір, Геккедей жан үшін.
Мына жолдарың Махамбет бабамыз осылардың мүдесі үшін көтеріліс жасағандай түсінік береді.
Киелі қара домбырада,
Күмбір күйің төгіледі.
Махамбет күйші емес ақын болған, көтеріліс күйшісі ұмытпасам Шернияз болған.
Шүкір етіп, қанағат қыл!
Махамбет бабам тірі болғаны керек еді қазіргі заманға, сонда көрер едік шүкір деп қанағаттанар ма еді, болмаса алдаспанын айға білеп арқырап атқа қонар ма еді.
Сағыныш, жарайсың! Негізі мұндай толғау жазу өмірдің дәмін татқан біраз жылдар жасаған адамдарға жарасар еді.Сенің бабаңа «шүкіршілік қыл,қанағат қыл»-дегенің ерсілеу естіледі.Өлеңді жазуда шала біреудің көмегі, ақылы болғаны көрініп тұр.
Сонда да талабыңа нұр жаусын.
pari
Шүкір етіп, қанағат қыл! ,-деп Махамбетке айтқан жоқпын, жастарға айтқан сөзім. Соңғы жолдар қорытынды жолдар
Jako
Жастарға айтатындай жасқа келіп қалдың ба? Жастар тоқмейілсіп шүкір,қанағат десе, бізге ана жаққа кете беру керек шығар))))). Менікі өз ойымды айту ғой, бәрін біледі дейсің ба, ренжіп қалма.
korwinin_kyzy
Сіздікі тауық балапанды уйретпейт деген пазицияма?
Jako
Ол енді қалай қабылдауға байланысты.
pari
Махамбет күйші емес ақын болған, көтеріліс күйшісі ұмытпасам Шернияз болған.
қателеспеңіз аға!
satirik92
Өлең әлсіздеу ме? Қалай? Бірақ тақырып ауыр! Содан да шығар. Не дегенмен pari саған рахмет!
senim
Осыны битпен басс-қа салып джыынды рэп шығаруға болады.Буындары да аз екен!
akynkyz
ҚАЙ ЖАҚТА БОЛДЫ БҰЛ АУДАНДЫҚ САЙЫС? НЕГІЗІ БІРЕУДІҢ ӨЛЕҢІНЕ СЫН АЙТҚАНДЫ ЖАҚТЫРМАЙМ СЕБЕБІ БҰЛ ӨЛЕҢ БІРЕУГЕ ҰНАЙДЫ АЛ БІРЕУГЕ ҰНАМАЙДЫ.ӘРКІМНІҢ ӨЗ ӨЛЕҢІ ІШТЕН ШЫҚҚАН ШҰБАР ЖЫЛАН ДЕМЕКШІ ЖАҚСЫ БОЛСЫН ЖАМАН БОЛСЫН ОЛ ӨЗІҢІН БАЛАСЫ СЫНДЫ БОП ҚАЛА БЕРЕДІ ҒОЙ
AKA
Мәләдес, Сағыныш! Баса бер, осы бетіңнен тайма. Айтабердегі алғашқы жазбаларыңмен салыстыра келе, бірааааз өскеніңді байқауға болады. Бәрекелді! :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.