Қатал тағдыр

1. Шерхан

Көрдім көзбен айтарым рас құба құп,
Тағдырға да пенде болар шұбар құл.
Тазалықты жуып шайып пасықтық,
Жүректегі сенімді де қылар құм.

Қара сый да, жарық сый да бір Алладан,
Қаралықты тілеп алар адамдар.
Бір тамшы сұм ойың хасіл болар-ау?
Басқа түсер ағат басқан қадамдар!

Аққу қанат сынып құжға таланған,
Алтын тұқым аспас екен шабаннан.
Бастан өтіп таттым дәмін заһардың,
Арбап-сулап кірді тікен табаннан.

Зарын ашып гүлім қурай жылаған,
Мұңлы күйдің үні баурай тыңдағам.
Тамыр кесіп көктем бүрін аттырмай,
Аллам оны сынақпенен сылаған.

Қыз да, ұл да харам іске уланған,
Жамбы жинап фәнилікке буланған.
Шәкәрімнің ізін басып жырлайын,
Шері мүңкіп шабыт туған тұманнан.

Асыл шешей үміттенген арман бар,
Оңдайды ғой ондайды да Тарлан шал.
Өркен жайса шөберелеп шөпшекті,
Көне қосын тамыр жайып жосылар.

Білім теріп кеуде қаққан ұлы бар,
Қажет! — депті, — сұлу ару, білімдар.
Дастарқанды мұштап ұрып ақырды,
Егде ана жылап болды кіріптар.

Үйлі-күйлі, шоқып терген қыз барды,
Шоқалақты сыннан өтіп шыдапты.
Машайықтан текті туған жар етсең,
Боларсың-ау қылыш тері қынапты.

Тыңдап жігіт анасынан қолқаны,
Өткір қанды, ыза туды қылқанды.
Көзі қызыл, уыт төгіп иір тіл,
Осы болды керегенің сынғаны.

Жылдар-жылдар көшкін көшіп ауыпты,
Шерхан өрбіп өсіп білім сауыпты.
Тәкәпарлық бойға дарып қайыспас,
Қызыл қағаз иемденіп даурықты.

Түйе түяқ еңбек ақы суырды,
Төрт тағандап жылан тері шұбырды.
Ойын қуып ұмыт қылды мейірді,
Өзді-өзі жанын отқа қуырды.

9 пікір

yesbolat83
Быт-шыт емес. Жалғастыру керек. Бірақ, қазіргі жеңіл тілде болса тіпті керемет болар еді.
Қай тілде жазғансың? Қазақтың көне сөздері ма кейбіреулері?
Және поэма ма бұл?
satirik92
Ия. Өзім жақсы көрем. Жыр дегенді жөн көрем.
Jako
Керемет Арыстан, жалғастыр,өзіңнің оқырманджарың бар екенін ұмытпа.
satirik92
Жалғасын жазып қойдым бірақ мынаның өзі дұрыс оқылмай жатқаны…
NURI
Жақсы жазыпсың, осы бағыттан таймай, шыңдала түсуіңе тілектеспін.
Armanjan
Жалғастыру керек пе? Әлде бытшыт па?
осы жерден кері шегінсең дұрыс болар еді, өзі быт-шыт дүниені одан әрі боқ ғылып жіберерсің!
Jado
Болар баланың бетін қақпаңдар! Бірақ мен дым ештеңе түсінбедім…
satirik92
ДОстым лұғатты ақтар, мен емес, сен ЖОО оқисын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.