Мені қанаттандыратын өлеңдер!

Қазақ халқының даналығына, қазақ ақындардың ой тереңдігіне, сөз өткірлігіне таңданамын. Біз расымен — ақ өте дарынды халықпыз! Оған әр оқыған ақындардың жаңа шығармаларынан кейін көзім анық жетеді…
Мен арманшыл, әрі поэзияға жақын тұлғамын. Сондықтан болар, көңіл күйімді көтеру үшін өзім ұнатқан өлең шумақтарын оқып шығуды ұнатамын. Осылайша, бір күнге үлкен заряд алатын сияқтымын. Бұл жазбамда жақсы көретін өлеңдердің кішкене бөлігін ғана жарияладым.
P.S. Комментарий ретінде, қиындық етпесе, сүйікті өлеңдеріңізді жазуды сұранамын.
Мәңғі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға!
(Мұхтар Шаханов)
(Армандай алу, ол да бір өнер екен! Мұхтар Шахановтың бұл өлеңі мені арманыма жетуге қанаттандырады!)

Қара сен ой көзіңмен дүниеге бұл,
Қарама күнде көрген көзіңмен құр,
Дүние — ол бір теңіз ақ ниетпен,
Кеме істеп, сол теңізді аралай біл!
(Әбілхасан Рудаки)
(Алғаш рет бұл өлең жолдарын жетінші сыныпта оқығанымда естідім. Содан бері жадыма жазылып, жаныма бекініп қалыпты.)

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді
Өтпейтіндей көретін адамдарға!
(Мұқағали Мақатаев)

Бақыт деген — сенің бала күндерің,
Бақытсыз — ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз — ақ ойнағаның, күлгенің.
(Мұқағали Мақатаев)

Бір құдірет бізді өмірге жолдайды,
Біз өмірді түсінбейміз — сол қайғы,
Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал шынында бақыт үлкен болмайды.
Лүпілдеген тамырындай шекенің,
Жеке сағат, жеке уақыт, жеке күн.
Үлгермейміз түсініп те, байқап та,
Кейбір сәттін нағыз бақыт екенін
(Қ.Мырзалиев)

Осы уш блакнот ішіне өз өлеңдерімді, өзге ақындардың өлеңдерін жазып отырамын. Қысқаша айтқанда, рухани қазынам осында!
Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Мені қанаттандыратын өлеңдер!

13 пікір

yesbolat83
АБАЙДЫ ІЗДЕУ. Ф.Оңғарсынова

Абай аға!
Биікте ме – қайда жүр аруағың?
Құлағыңа жете ме шағым-әнім?
Көкті кезіп іздер ем – жерде мені
шырмап қойды шырғалаң шаруа мың.
Жердің беті балшық пен былық әлі,
жол табады жылпос пен ұры-қары.
Жұртың даңғой әм надан баяғыша,
мәз болады бірі-бірін жығып әлі…
maulen
Мұқағали Мақатаев

ӨМІР ДЕЙТІН
Өмір дейтін тайғанақ мұз-айдында,
Жырлап кетем, алдымен жылаймын да,
Сөредегі кермені кесіп өтсем,
Маған әлі жетпейді құдайдың да.

Мұң мен зарға ондайда шаң қаптырам,
Қайғы дейтін қаншықты қан жаптырам.
Ұры-уайым тиер деп қай жағымнан,
Секем алған киіктей аңдап тұрам.

Аттай жүріп өмірдің баспалдағын,
Бірі менмін қайғыдан қашқан жанның.
Көзім жасын көл етсем сөнер ме екен,
Көмейімнен лапылдап, шашқан жалын?!

Жөқ сөндірмен, сөндірмен, жыламан да,
Қуаныштан мұң жуық тірі адамға.
Дариясы өмірдің шайқалмайды,
Дәрмені жоқ бір пенде жылағанға.

Жүргемін жоқ қайғынын жүгін артып,
Ер сүрінсе еңкеймес, жығылар тік.
Бөліп, жарған қайсыбір қуаныштан,
Ойландырған оңаша мұңым артық…

Негізі қанаттандыратын өлеңдер өте көп оның бәрін жазатын болсам…
bekzada
Рахмет. Мүмкін сіз оқыған өлеңді біз оқымаған шығармыз. Осылай жариялап тұрсақ кругозорымыз кеңейе түседі, әрі қуана оқимыз!
Соңғы өңделген уақыты:
korwinin_kyzy
Ақ тауықты тал түсте қара басты.
Тәтті өмірге ащы мұң араласты.
Балпаң-балпаң жүгірген балапанын,
Бала мысық тасаға ала қашты.

Басқан ізін бәлекет білдірмеді-ай,
Балауса үміт жайқалып үлгермеді-ай,
Бүлдіршіндей біреудің баласының
Болашағын талқан қып бүлдіргені-ай!

...Әсем қала, өскен көз сүйіндіріп.
Ерте жетті көктем де биыл күліп.
Көше бойлап келеді бір қыз бала,
Жарты қарыс матаны киім қылып.

Ата-анасы әлпештеп баққан шығар.
Перзентіне пейілі мақпал шығар.
Күнәлі істі күтпеген балапанға,
Дүрбі салып бір мысық жатқан шығар…

Сәл қаттылау айтайын, кешір, жігіт,
Кеспей тұрып қолыңды кесір бүлік,
Тез киіндір қызыңды баласынбай,
Кетпесін десең біреу шешіндіріп!
bekzada
Ұнады!!! Авторы кім? осы заманғы ақындардың бірі сияқты ғой)
AKA
Әдемі-ақ!
korwinin_kyzy
Таудан биік секілденіп талғамың,
Ардан биік секілденіп арманың.
Пенделікпен ұмытасың тәубеңді,
Сынағына шыдай алмай Алланың.

Ай мен Күнге үптіргің кеп шекеңді,
Көрмедім деп көлгірсисің шетелді.
Тәубаға кел, шетел түгіл зағиптар,
Көре алмайды өзі туған мекенді.

Қошеметті көрмесеңіз несі бар,
Бар жағдайды ақиқатпен шешіп ал.
Жылы сөзді естімеген кезіңде,
Керек болып туылғанды есіңе ал!

Тәубаға кел, пенде болсаң несі бар,
Сабырсыздар қадырсіз болып тосылар.
Дүниеге қолың жетпей қалғанда,
Қос қолы жоқ пенделерді есіңе ал!

Бақыт мәңгі тұрсын десең басыңда,
Қанағат қыл, ашуланба, тасынба!
Көлігім жоқ деп ренжуің бекерлік,
Аяғы жоқ адамдардың қасында.

Топ алдында төрге озғың кеп төтеден,
Тым болмаса айтпадым деп екі өлең.
Ақын болып тумадым деп налыйсың,
Мылқау болып туғаныңда не етер ең.

Құлақ түріп әркім айтқан пікірге,
Бей-берекет бой ұрасың күпірге.
Тау мен тасқа соға бермей басыңды,
Аман-есен жүргеніңе шүкір де!
NAZz
Төлеген Айбергеновтің «Бір тойым бар» өлеңін жазыңыздаршы. Керек боп тұр
Jako
Мінекей Назжан, падаңа жараса ризамын.

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ… бірақ…

Ешкімді де билетпей қайтармаймын.

Онда ортаға тасталар ұран сондай:

Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,

Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,

Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам…

Сәбилерге ағаны үлгі етемін,

Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін.

Менің жарым бұл түні кірпік ілмей,

Ақ көңілімен қуаныш бүртігіндей,

Омырауынан бір тәуір шайқап есіп,

Ажырасқанды жүреді қайта қосып.

Мен өзім де ән салам түн ауғанша,

Менің жаным бұл күнге құмар қанша!

Бәйгі берем жығылған палуанға да,

Адалдығы сезіліп тұрар болса.

Қыз қуатын жігітке ат беремін,

Жанам деген жүрекке от беремін.

Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді

Бір тамаша той қылып өткеремін.

Біздің үйді сол күні бетке ал қауым,

Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.

Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,

Қазанымда бір асым ет қалмауын,

Мен сөйтіп бар шаңнан бір сілкінемін,

Мен сөйтіп рақаттанып бір күлемін.

Кім білсін талай күнгі арманым ед,

Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның.
NAZz
Рахмет көп-көп сізге!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.