Қатал тағдыр жалғасы

2. Келін

Шерхан жүрді көше бойы жатырқап,
Жансыз тәнді көк тиынға сатып ап.
Қыңыр тісті жезтырнағым жалмады,
Қақпан құрып тілерсектен қағып қап.

Түлкі қандас мерез пиғыл жалындап,
Белден құшып жас жігітті шарқ ұрмақ.
Шірік сүйек, сүйір иек, түссіз тер,
Басқа қонды қанды астар сар тымақ.

Тілді тамыр ұстарасы жылтылдап,
Шерхан имек мәңгүрттеніп қалтырап.
Жын ұстартып жүгендетіп ауызын,
Күптеп ерін, арсыз келін албырап.

Іштей тікен өріп, өзді жымыңдап,
Жетіп барды қайын жұртқа қылтыңдап.
Тарап тармақ жік туғызып кенеттен,
Сөлін төгіп уландыра сыр тыңдап.

Қайын әпке ақшыл шара арлы жан,
Көріп келін арамдыққа зарыққан.
Бала бартын он алтыға аттамақ,
Бояқ бермек үрей жанды қарғытқан.

Бояқ – суың у қонғанды арықтан,
Татқан пенде оянбастай талыққан.
Есі кеткен мүйіз сермер бұқадай,
Шығарады адамға тән қалыптан.

Тамшы сеуіп, зерде кеуіп қалғытқан,
Қарашығым күңгірттене тарылған.
Кеуде тесіп, арам есіп есірді,
Қан тоқтала адамдықтан айрылған.

Бүрмелене түпте сана ақырған,
Тәні үрлей нәжісті де қақырған.
Сынақ келмек бұл балаға Алладан,
Себеп келмек адам кейіп тақырдан.

Қашып шудан келін тапты тахарат,
Дуа оқып ақ қағазды алалап.
Келін – желім тиген жерін мысқылдап,
Мұзарт тауға қондырды-ау ала қат.



Қара жерге көк аспаным нақ араз,
Таза пенде, арам пенде нақ араз.
Қылыш қайрап, ұран сайлап көнеден,
Жылтыр байлық, асыл білім нақ араз!!!

Менің бұл бастамам өзімнің үш жылдық өмірімді жырға салмақ ниетім. Және отбасымның тарихы. Нақтырақ нағашы жұртымның. Сондықтан бұл жырдың нүкте қояры алыс.

ТӨРЕХАН Арыстан

3 пікір

avatar
Бастауын өзім бастамасам, басқа халық ұяңданып қалғанба деймін?
avatar
  • Chimaq
  • +1
Torehan tahgy jaza ber,jalghasyn kutemiz....:):)
avatar
  • maulen
  • 0
Сіз жайлы, сіздің өткеніңіз жайлы, қазіргіңіз жайлы бізді қызықтырады. Осыған дейінгі ақпараттарды назарымда ұстап жүрмін. Жаза түсіңіз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.