Тарпаң мінез, текті ұл! (М.Өтемісұлының 210 жылдығына)

Қалам, Найза-қос қанатың, қатар ұстар бір қолда!
Ақиқат пен теңдік үшін қаламды малдың қанға да.
Махамбеттей от жігерлі, кәтәпті нар, өр бабам,
Сіз аңсаған біз жеттік қой егеменді ел, заманға.

Намыс оты бойыңызда ыза болып қайнаған,
Елдің жайы сізді әрқашан толғандырып, қинаған.
“Батыр- аңғал”-деуші еді ғой, біздің қазақ ежелден,
Ықыластар дос боп жүріп, іштей қастық ойлаған.

Мәңгілікке айрылғанда, Жайық бойы ақыннаң
Ақырғы рет “Қапы”- деген, сөзі қалды ақырған.
Қарғыс атқан, сол бір күні күн тұтылды Қаройда
Ақын бастан айрылған соң, Атамекен аһ ұрған.

Ұмытылмайтын нүкте қойды Қаройдағы ызғарлы із,
Түсіне еніп, аян берген, өңінде сол болды-ау іс.
“Мен, мен едім, мен едім, мен Нарында жүргенде”
Деген сөзден сезілгендей рухты оятар ар- намыс.

Табиғаты дара біткен тарпаң мінез, текті ұлдың,
Дулығалы бейнеңізге оймен қарап көп тұрдым.
Жауыздықтың бәрі неге жасалады ақынға?
Ақын баба! Айтшы маған мазарыңа кеп тұрмын…

3 пікір

pari
керемет жазылған
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.