Асықпай мені бағала

Көлімде қаз аңсап тұрғанда,
Келдің менің жаныма,
Атты менің таңымда.
Келгеніңді қайтейін,
Асығып тұрсың
Асықпай мені бағала.

Шақырады бұлбұл, бізді бақтарға,
Күн, шуақ шашып тұр, олда.
Не дейді?
Кетемін дейді?
Асықпа қарғам,
Асықпай мені пайымда.

Адам сірә
Адамның алдына түсіп көргенбе?
Білмеймізғой.
Ойлайсыңба шығады деп күнді ертеңде?
Қар жауса ше?
Шықпайды ал күн, тіпті де.

Білмей тұрсың, не боларын күні ертең.
Күні ертең мен,
Сенен жақсы күнелтем.
Ал бір жылдан соң,
Жақсы деген жүз пайызға тең келем.

Табылмай жүрген бақытың,
Кім біледі, бәлкім менде ме екен.
Керек болса мен деген,
Он жылдан соң
Сөйлеп тұрам дөкей болып мінбеден.

Алма кезек өмірғой,
Самауырыны өшпейтұғын-ұлы той.
Жиырма жылдан асқан соң,
Мен жұмыстан кеген кезде, сен дағы
Алдымнан шығып күліп тұруың мүмкінғой.

Асықпа қарғам,
Асықпай мені бағала.

3 пікір

AKA
Ұнамады, сатириктің жазбасын шырамыттым…
korwinin_kyzy
Асығып тұрған ештемем жоқ айнам
qyrmyzy
Айтайын дегеніңізді көзімді жұгіртіп түсініп алдым)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.